Ақтауда көп балалы отбасы вагон ішінде тұрып келген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.04.2017 19:45 Zakon.kz
Үйдің кенжесін Айтбике осы тар бөлмеде жарық дүниеге әкелген.
Маңғыстау облысында көп балалы отбасы баспаналы болды. Бұған дейін 4 балалы жанұя жылу мен сусыз әрі жарықсыз, пластиктен жасалған аяқ киім жөндейтін дүңгіршекте күн кешіп келген, деп жазады Астана телеарнасы.

Үйдің кенжесін Айтбике осы тар бөлмеде жарық дүниеге әкелген. Отбасы осыдан 20 жыл бұрын атамекенге Түркіменстаннан қоныс аударыпты. Баспана жалдап жүрген олар отағасы жұмыссыз қалғанда, осындай ауыр хәлге тап болған. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына жағдайын айтып келген отбасына партиялықтар көмек қолын созған.

Қазір балалардың ата-анасы балабақшаға жұмысқа тұрып, 3 жасар баласы да осы бақшаға қабылданыпты. Отбасы жатақханада үйдің кезегі келгенше тегін тұрады.

Айтбике Әбішева, Ақтау қаласының тұрғыны:

Мен "Нұр Отан" партиясына келіп, біздің отбасымызға, соның ішінде отағасының айлық алу мәселесіне көмек қолын созуды өтіндім. Себебі соңғы уақытта бізге айлық төлегенді мүлде тоқтатқан болатын. Біржола басымыздағы қиыншылықтарды да айтып бердім. Бізге көмсектесті. Біз үшін бұл үлкен бақыт, балаларымыздың қуанышында шек жоқ.

Фото: Astana TV
zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: