Ақтауда Наурызды ақ дастархан жайып қарсы алатын корей отбасы тұрады
Zakon.kz
Жыл бойы ас бөлмеде өсетін бақша өсімдіктерінің күтіміне әжей бас-көз.
Ақтауда Ұлыстың ұлы күнін ақ дастархан жайып қарсы алатын корей отбасы тұрады. Отағасы Эхман Ким үшін әз Наурыз мерекесінің маңызы зор. Қазақ халқының әдет-ғұрпын берік ұстанған ақсақал таңсәріден ұлттық киімін киіп, келген қонағын жайдары жүзбен қарсы алады, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Талғат Исламұлы, тілші:
- Қазақылық салт ұстанған кәріс отбасы Жаңа жылды жылына үш рет атап өтеді. 31 желтоқсанда және кәріс халқының мейрамында тойлайды. Ал әз Наурызда қазанға ет салып, наурыз көже пісіреді. Дастарханға қос ұлттың тағамдары қатар қойылады. Көрісуге келетін ағайыннан бұрын қария екі қызынан тараған немере-шөберелерін асыға күтіп отырады.
Эхман Ким, «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің мүшесі:
- Ресейде дүниеге келдім. Жанұям Қазақстанға жер аударылғанда төрт жаста едім. Ата-анам өздерін құшақ жая қарсы алған қазақ халқына шексіз алғысын айтумен дүниеден озды. Бүгінде ата салтын жалғап, ұл-қыздарымды қазақ дәстүрімен тәрбиелеп келемін.
Ахмет Сабырбаев, Эхман Кимнің күйеубаласы:
- Қазақ дейтін елді өте қатты сыйлайды. Неге десеңіз, көп қиыншылықты ертеде көрген ғой. Қазақ еліне риза.
Эхман атай мен Александра әжей 58 жылдан бері жұптары жазылмай, тату-тәтті өмір сүріп келеді. Төрт немере мен жеті шөбере сүйіп отыр. Өңірлік Ассамблея өткізетін іс-шараларға да үзбей қатысады. Қазыналы қарт соңғы жылдары шаһарды жасыл желекке бөлеу жұмыстарына белсенді атсалысып жүр.
Раиса Маденова-Хван, «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы:
- Атайдың бастамасымен қаладағы білім беру кешендерінде жылма-жыл тал көшеттері егіледі. Қазыналы қарттың сүйікті кәсібі фотосуретке түсіру. Бұл сала бойынша да жастарға үйретері мол.
Эхман атай техника атаулының тілін шебер меңгерген. Ал кемпірі он саусағынан өнер тамған ісмер. Сегіз қырлы, бір сырлы қария күйсандықта шебер ойнайды.
Эвелина Эм, Эхман атайдың шөбересі:
- Әжем мені тігін өнеріне баулып жүр. Үстімдегі көйлегімді пішіп берді. Ал атам фортепианода ән салуды үйретті.
Жыл бойы ас бөлмеде өсетін бақша өсімдіктерінің күтіміне әжей бас-көз. Кұстарды жемдеп, көкөністерге уақтылы су құяды. Айта кеткен жөн, оларды жасанды ортада өсіру құрылғысын да өнертапқыш атай ойлап тапқан.
Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев
Фото:24.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript