Павлодарлық бала сегіз жыл бойы ешбір құжатсыз өмір сүріп келген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.04.2017 22:29 Zakon.kz
Сот ананың өтінішін қанағаттандырып, 8 жастағы ұлға алғаш рет құжат берді.
Павлодарда Надежда есімді әйел 2009 жылы сәбиін үйінде босанып алып, ауруханаға мүлде хабарласпаған. Бұл туралы stan.kz, pavon.kz жариялаған ақпаратқа сілтеем жасап хабарлайды.

Онда баланың өмірге келгенін айғақтайтын медициналық анықтама да болмаған. Осыған байланысты АХАЖ әйелге туу туралы куәлік беруден бас тартады.

2017 жылдың наурыз айында әйел сотқа хабарласып, баласының туғандығын анықтайтын фактіні растауды сұрайды. Оның талабын қолдаған АХАЖ бөлімі тіркелу үшін баланың туу туралы куәлігі керек екенін айтады. Былтырғы жылы баласын тіркету туралы өтініш бергенімен, ол қараусыз қалған.

Бұл жолы ол өзінің Михайлдың биологиялық анасы екендігін дәлелдейтін сараптама қорытындысын бірге ұсынады. Сонымен қатар, сот Надежданың бала босанғанын өз көзіммен көрдім деген Андрееваны да куәгер ретінде алады. Осылайша сот ананың өтінішін қанағаттандырып, 8 жастағы ұлға алғаш рет құжат берді.

Фото: stan.kz
zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: