ОҚО әкімі түрік партиясының жетекшісімен кездесті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.04.2017 23:08 Zakon.kz
Өңіріміздегі тарихи орындар – Түркістан мен Отырарға зиярат жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасының Milliyetçi Hareket Partisi – яғни, Ұлтшыл әрекет партиясы көшбасшысының орынбасары Мехмед Гүналмен кездесті, хабарлайды Zakon.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар басқосуда Түркия мен Оңтүстік өңірінің өзара мәдени байланысы жайында әңгіме өрбітіп, алдағы уақытта бұл қарым-қатынасты одан әрі нығайту жайын талқылады.



Өңіріміздегі тарихи орындар – Түркістан мен Отырарға зиярат жасап, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ студенттерімен кездесу мақсатында келген партия өкілі болашақта Оңтүстікке Түркиядан келетін туристердің қатарын одан әрі арттырып, мәдени байланыстарды күшейту жайын жеткізді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Түркияның 475 түрлі мердігерлік және кеңесшілік жобалары бар. Екі елдің біріге отырып жүзеге асырған жобаларының құны 21 млрд доллардан асады. Осы орайда айта кетейін, Түркия статистикасына сүйенсек, Қазақстан түркиялық мердігерлік фирмалар жұмыс істейтін 6-орындағы мемлекет екен. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да екіжақты тиімді байланыстардың аясында өсе түсері анық.

Айта кету керек, Түркияның Milliyetçi Hareket Partisi 1969 жылы құрылған саяси ұйым. Оның негізін қалаған Алпарслан Тюркеш.
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: