Біртанов Ақтөбелік жігіттің мүшелерінің басқа науқасқа берілуіне пікір білдірді
Zakon.kz
Соттың шешімін күткен жөн.
Қазақстанда өлген адамның мүшелерін шұғыл жағдай кезінде оның туыстарының келісімінсіз өзге науқастарға трансплантациялауға болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Ақтөбеде қаза тапқан жас жігіттің мүшелерін басқа науқастарға берілуіне қатысты пікір білдірген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соттың шешімін күткен жөн. Бірақ, шын мәнінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бізде, Қазақстанда келісімнің анық-қанығы болуы тиіс. Яғни, адам көзі тірісінде мүшелерін алуға келісімін бермейтіндігін ресми, жазбаша түрде бас тартпайтын болса, онда келісімін берді деп топшыланады. Бұған қоса, өлгеннен кейін төтенше жағдай кезінде, мәселен, жол-көлік сынды апат орын алған кезде өзге адамның өмірін құтқарып қалуға мүмкіндік болатын болса, онда туған-туыстарының келісімінсіз мүшесін алуға рұқсат етіледі», - деді министр.
Оның атап өтуінше, бұл халықаралық тәжірибе және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай батыр ауылының тұрғыны 22 жастағы Серікболсын Көшербай бас-ми жарақатынан қайтыс болғаннан кейін ақтөбелік дәрігерлер оның екі бүйрегін туыстарының келісімінсіз басқа науқастарға трансплантациялаған болатын. Осыған байланысты Серікболсынның туыстары сотқа жүгінуде.
Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript