Ақтөбелік келіншек өзін қорлап, кемсіткен күйеуін 5 күнге қаматып тастады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.10.2017 14:25 Zakon.kz
Соттың қаулысымен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында отбасылық кикілжің қаралды. Ер адам ішімдік ішкен күйінде әйелін бірнеше рет қорлаған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Байғанин ауданында ер адам азаматтық некедегі әйелін балағаттап, үйінің тыныштығын бұзған, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотта анықталғандай, ер адам осыған дейін де үйінің тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

Азаматтық некедегі жолдасынан зәбір көргенін айтқан әйел соттан заң талаптарына сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

Соттың қаулысымен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Ардан Сердалы

Фото: Aktobenews.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: