Шығыс Қазақстанда марал шаруашылығы өркендеп келеді
Zakon.kz
Өңірде 9 мың марал мекен етеді.
Шығыс Қазақстанда марал шаруашылығына қызығушылар қатары артқан. Катонқарағайды қойып, Күршім, Көкпекті, тіпті Зырян ауданында да марал өсіріп, шаруасын дөңгелетіп отырғандар бар, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Осы арқылы медициналық туризмді дамыту көзделген. Марал – киелі жануар. Оның мүйізінен алынатын қанның талай дертке шипа екенін уақыт дәлелдеген. Сондықтан Зырян ауданындағы шаруалар медициналық туризмді дамытуға ден қойып отыр. Кәсібін енді бастаған Азамат Мусин демалыс орнына туристердің ағылып келетініне күмәнданбайды. Бұл үшін ол бар күшін салып әлек. Айтуынша демалушыларға жағдай жасау арқылы саланы дамыту тиімді.
Азамат Мусин, марал шаруашылығының жетекшісі:
- Қазір үш үй әкеліп, орнатып жатырмыз. Алда тағы бес үй орнату ойымызда бар. Ерекше меймандарға да жағдай жасаймыз. Бізде пантымен емделуге арналған монша мен фитобөшкелер де болады.
Бүгінде Зырянда үш марал шаруашылығы бар. Енді өркен жайып келе жатқан саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әзірге мұнда 650 марал мекен етеді. Қазір олардың мүйізін кесу науқаны жүріп жатыр. Пантымен емделуге ниеттілер қатары жыл санап артып келеді. Сол үшін демалыс орнына апаратын жолдарды жөндеу маңызды.
Василий Кузнецов, Малеев ауылдық округінің әкімі:
- Бұл саланың болашағы бар. Пантылар да сұранысқа ие. Қазір Оңтүстік Кореядан келіп жатқан туристер қатары артқан.
Бүгінде өңірде 9 мың марал мекен етеді. Шаруашылықты дөңгелету қиын болғанымен, табысы мол. Еткен еңбек нәтижесіз қалмайды. Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов
Фото: 24.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript