Ақтөбеде алаяқ келіншек «құлағыңызда құмырсқа жүр» деп бейтаныс қарияның алтын сырғасын шешіп алған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.07.2017 23:49 Zakon.kz
Сотталушы сот залынан қамауға алынды.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында ҚРҚК-нің 188-бабы 2-бөлік 2-тармағына (ұрлық) қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта жауапкер ретінде танылған азаматша Қандыағаш қаласында сенімге кіру арқылы жалғызбасты қарияларды құрбан қылып, ұрлық жасаған. Сотталушы Қандыағаш қаласында жалғыз тұратын қарияны сөзге тартып, әңгімелесу арқылы сеніміне кіреді. Оның сөмкесіндегі банк карточкасын және үстел үстінде жазулы тұрған пин-код нөмірін, алтын сырғаны жасырын ұрлап алған, деп жазады aktobenews.kz.

Әйел банк карточкасынан 43 000 теңге шешіп алып, ломбардқа алтын сырғаны 10 000 теңгеге өткізген. Оңай тапқан 53 000 теңге олжасын өз қажетіне жұмсап жібереді.

Сотта жауапкер ретінде танылған азаматша бұдан бөлек бірнеше адамды сан соқтырған болып шықты. Ол алдау арқылы бейтаныс адамның үйіне кіріп, құлағындағы алтын сырғаны көреді. Үй иесінің жасы үлкендігін пайдаланып «құлағыңызда құмырсқа жүр» деп алдап, екі сырғасын шешіп алады. Әйел олжасын ломбардқа 25 000 теңгеге өткізіп жіберген.

Сотта жасаған қылмыстары үшін өкінетінін айтқан әйелге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның мүлкі тәркіленеді. Сотта белгілі болғандай сотталушы осыған дейін 4 рет ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Сотталушы сот залынан қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: aktobenews.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: