Николай Валуев: Сайлаушылардың белсенділігі әдеттегідей аса жоғары

Zakon.kz
Біз болған учаскеде сайлаушылардың үштен бірі өз таңдауын жасап үлгерді. Сайлау ұйымдасқан түрде, тыныш өтіп жатыр.
Қазақстанда өтіп жатқан парламенттік сайлау барысын бақылаушылардың қатарында белгілі ресейлік спортшы, Мемлекеттік дума депутаты Николай Валуев бар. Оның атап өтуінше, биыл да әдеттегідей сайлаушылардың белсенділігі аса жоғары, деп хабарлайды BNews.kz.

«Біз барлығымыз Қазақстанды жақсы көреміз. Өткен жылы мен Президент сайлауына келген болатынмын. Өткен жылы біз бір күнде 850 шақырым жүріп өттік. Жеті учаскеде дауыс беру барысын бақыладық. Биыл да әдеттегідей таңертеңнен бастап халық көп келіп жатыр. Сайлаушылардың белсенділігі аса жоғары», - деді тілшілерге Н.Валуев.

«Біз болған учаскеде сайлаушылардың үштен бірі өз таңдауын жасап үлгерді. Сайлау ұйымдасқан түрде, тыныш өтіп жатыр. Осыған дейінгі учаскеде бір бұзушылық тіркелді, бірақ бұл тіркелген бір жағдай ғана», - деп жеткізді ол.

Айта кетсек, қазақстандықтар бүгін, 20 наурыз күні республика бойынша 9840 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін дауыс береді. Сайлау барысын 817 халықаралық бақылаушы бақылап, 147 шетелдік БАҚ өкілі ақпарат таратып жатыр.

Фото:xsport.ua

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды