Сайлаудың өту барысы шетелдік байқаушылардың жіті бақылауында

Әзірбайжан атынан келген байқаушы Валех Алексеров таңмен таласа сайлау учаскелері ашылмай тұрып, халықтың дауыс беруге жиылғанын айтады.
Байқаушылар таңғы 7:00-де өз жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ бірқатар дауыс беру учаскелерінің жұмыстарымен танысуда. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар атынан келген байқаушылар мен бұқаралық ақпарат өкілдерінің жәрдемдесу орталығында таңнан бері жұмысы жанданған, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Сайлаудың аяқ алысы, өту барысы туралы мәліметтерді байқаушылар әр өңірден осында жіберіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша миссия жетекшілері баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, қолда бар мәліметтерімен бөлісті. Әзірге елдегі сайлау учаскелерінде қандай да бір заңбұзушылық тіркелмеген. Әзірбайжан атынан келген байқаушы Валех Алексеров таңмен таласа тұрған тұрғындар тіптен сайлау учаскелері ашылмай тұрып, дауыс беруге жиылғанын айтады.

«Мен екі сайлау учаскесінің ашылуына қатыстым. Олардың техникалық қамтамасыз етілуін тексердік. Дауыс беру басталмас бұрын сайлау учаскесінің алдына халықтың келіп жатқанын байқадық. Дауыс берушілер белсенділік танытып жатыр. Ешқандай заңбұзушылықтар тіркеген жоқпыз. Бұл сайлауды бақылауға келген байқаушылардың қарасы мыңнан асады. Осында 29 елден келген 150 шетелдік БАҚ өкілдері ел үшін маңызды саяси оқиғаның ортасында жүр», -дейді халықаралық байқаушы Валех Алескеров.

Байқаушылардың дені ТМД, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай және Ислам ынтымақтастық және Түркітілдес елдердіің парламентік ассамблеясы ұйымдарынан келген. Сонымен қатар Ұлыбритания, Латвия, Оңтүстік Корея, Малайзия және Қытай елдерінің атынан келген байқаушылар да бар. Жоспар бойынша әр 30 минут сайын баспасөз отырысы өтеді.
Фото:kazinform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: