Қазақстандағы сайлау жоғары деңгейде өтуде - үндістандық байқаушысы

Zakon.kz
С.Сингх Қазақстан мен Үндістанның сайлау процесінде айтарлықтай айырмашылық бар екендігін атап өтті.
Қазақстандағы сайлау жоғары деңгейде өтуде. Бұл туралы бүгін Үндістаннан келген байқаушы Салина Сингх айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандағы сайлау өте жақсы өтіп жатыр. Әсіресе, адамдардың дауыс беруге көптеп келуі қуантады. Барлығы да өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Біздің көңілімізден шықты және әзірше біздің тараптан ешқандай ескерту жоқ», - деді ол.

Сонымен қатар С.Сингх Қазақстан мен Үндістанның сайлау процесінде айтарлықтай айырмашылық бар екендігін атап өтті.

«Бізде арнайы технология қолданылады әрі барлығы да электронды түрде жүргізіледі. Әрбір дауыс берушінің өзінің белгілі бір нөмірі бар, яғни, барлығы автоматтандырылған. Дауыс та электронды мәліметтер базасының көмегімен саналады. Өйткені, біздің халқымыздың саны өте үлкен. Ал Қазақстанда халық санының аз болуына байланысты бюллетеньмен дауыс беру барынша ыңғайлы деп санаймын», - деді үндістандық байқаушы.

Марлан Жиембай

Фото:thenews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период