Қазақстандағы сайлау мерекелік көңіл күйде өтіп жатыр - Корея бақылаушысы

Фото: zakon.kz
Жергілікті парламент сайлауы процесін бақылау барысында сайлау үдерісі тыныш, Қазақстан заңнамасына сәйкес, заң бұзушылықтарсыз өтті.
Қазақстандағы сайлау мерекелік көңіл күйде өтіп жатыр. Бұл туралы Корея Республикасынан келген бақылаушы – Корея ұлттық сайлау комиссиясының өкілі Лим Чай Мен ОСК брифингі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жергілікті парламент сайлауы процесін бақылау барысында сайлау үдерісі тыныш, Қазақстан заңнамасына сәйкес, заң бұзушылықтарсыз өтті. Және де мерекелік көңіл күйде өтіп жатыр деп айта аламын. Мен қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құтықтаймын. Бұл сайлаудан алған әсерім көп. Мәселен, сайлау тұрақтылығын арттырып, өзінің ішкі ұлттық ықпалдастығын күшейтіп келеді», - деді бақылаушы.

Оның айтуынша, сайлауды өзара бақылау саласында Қазақстан мен Корея ынтымақтастығын одан әрі нығайтатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға 817 халықаралық бақылаушы аккредиттелді. Сондай-ақ, сайлауды халықаралық бақылауға шетелдік БАҚ-тың аккредиттелген 147 өкілі қатысуда. Сайлауға барлығы 964 халықаралық бақылаушы мен шетелдік БАҚ өкілі қатысып жатыр.

Фото:today.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период