Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте

Фото: zakon.kz
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте

 

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде, немесе өзі білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі.

Елімізде «Тіл туралы» заңның 13 бабында ҚР сот істері мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі де мемлекеттік тілмен тең қолданылады делінген, бірақ бұл - іс жүзінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын тарылтып, құқықтық нормасын шектеп отыр.

 Осы көрсетілген себепке байланысты мемлекеттік тілде шығыс құжаттарының санын арттырып, жедел кеңес хаттамаларын сонымен қатар, барлық ішкі құжаттардың мемлекеттік тілде сапалы және нәтижелі орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет.

 Мемлекеттік тіл, әсіресе, құқық қорғау саласында сүріншектеп келеді. Статистикалық мәліметтер мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде даярланатын құжаттардың үлес салмағы шамамен 67 пайызды құрайтынын көрсеткен. Сот жүйесінде аталған көрсеткіш республиканың орташа көрсеткішінен төмен. Осы тұрғыдан мемлекеттік тілде дайындалатын құжаттардың санына ғана емес, сапасына да көңіл бөлу қажет. Мысалы, мекемелерде іс -қағаздар алдымен орыс тілінде әзірленіп, одан кейін мемлекеттік тілге сапасыз, сөзбе -сөз аударылады. Сонда ана тілдің деңгейі, алатын орны қаншалықты болмақ? Сот төрелігін атқаруда кездесетін өзекті мәселелердің бірі - мемлекеттік тілдің қолданылу аясының тарлығы. Сот саласында кеңсе құжаттары мен қатынас қағаздары мемлекеттік тілде орындалады. Ал кез келген істі қарау заңда белгіленген норма бойынша арыз шағым қай тілде келіп түссе, сол тілде жүреді. Сотқа келетін шағым арыздың азын-аулағы ғана мемлекеттік тілде. Басқасы, ресми тілде. Қос тілділіктің зардабы осы десек, ақиқаттан алыстамаймыз. Бұл арада, мемлекеттік қызметшінің де тілді дамытуға тигізер үлесі қомақты. Ол шағым - арызды әуелгі кезекте мемлекеттік тілде алуға бейім тұруы тиіс. Сонымен қатар, мекеме басшыларының отырыстарды, жиындарды мемлекеттік тілде екі ауыз сөзбен бастап, әрісін ресми тілде жүргізуі де тілдің адымын аштырмай келеді. Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуді намыс көріп жүрген азаматтарымыздың ұлттық санасын оятып, намысын қозғау үшін қандай әрекеттер қажет? Ана тіліміз - ата-бабадан қалған аманат екенін ескерсек, аманатқа -қиянат күнә екенін естен шығармағанымыз жөн.

 

 

Қарағанды облысы бойынша

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы

Жанзакова Л.Б.

 

 

 

2020 год

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

Жестокое убийство Нурай: уволены начальник ДП Шымкента, его первый заместитель и ряд должностных лиц