Астана қаласындағы халықаралық әуежайда жолаушылардың бірінен кастет табылды

Zakon.kz
Астананың халықаралық әуежайында жолаушылардың бірінен металдан жасалған суық қару – кастет табылды.

«Астана-Орал» бағытындағы КС 979 рейсін тіркеу кезіндегі тексеру барысында,1992 жылғы Қостанай тумасының қол жүгінде металлдан жасалған суық қару-кастетке ұқсас зат табылды, деп хабарлайды Zakon.kz, Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факт Астана қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 287 б. 1 тармағы, яғни, суық қаруды алып жүру немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Еске сала кетейік, 2015 жылғы қараша айында Астана қаласы халықаралық әуежайында тексеріп өту кезінде ОҚО тумасы, 28 жастағы ер азаматтың жүгінде металлдан жасалған кастет табылып, Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының шешімі бойынша ҚР ҚК 287 б. 1 тармағына сәйкес жазаға тартылып, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынған болатын.

Фото: today.29ru.net

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Штормовое предупреждение на 12 марта: снег, гололед и метели накроют Казахстан

FIFA вынесла решение по поводу участия сборной Ирана в ЧМ-2026 по футболу

В КНБ отреагировали на фото с "задержанием сотрудника ДЭР"

У МВД появилась новая функция

Курс доллара еще опустился на торгах 11 марта