Қарыз шарттарынан туындайтын даулар туралы
Қарағанды облысының
мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының
судьясы
Самат Мырзахметов
Қарыз шарттарынан туындайтын даулар туралы
Сансыз даулар санатының бірі ретінде банктер (кредитор) мен қарыз алушы (азаматтық және заңды тұлғалар) арасында жасалған банктік заем шарттары жөніндегі дауларды бөліп қарастыруға болады. Шарттық қарым-қатынас жасай отырып банктер өз қаржы-қаражатын әртүрлі қатерге тігеді. Олардың бірі - қарыз алушының қарызды қайтару жөніндегі шартты орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, оны қолданғаны үшін сыйақыны төлемеу.
Банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларды қарау кезінде соттар осы құқықтық қатынастар туындаған сәтте қолданылатын заңнамаларды басшылыққа алуы тиіс. Яғни, банктік қарыз шарттарынан туындайтын қатынастарды реттейтін азаматтық заңнама: Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444, «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 178-ІІ, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Қазақстан Республикасының заңдарынан, «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49, «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін айқындау және «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының қаулыларынан және басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Соттар банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларды шеше отырып, шартты жасасу кезінде қолданылып отырған заңнамада белгіленген тараптар үшін міндетті қағидаларға (императивтік нормаларға) сәйкес келуін және банктік қарыз шартының талаптарын мұқият зерттегені жөн.
Егер шарт жасалғаннан кейін шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшін міндетті ережелер заңдармен белгіленген болса, жасалған шарттың ережелері оның күні бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгілегендегіден басқа жағдайларда, өз күшін сақтайтынын ескеру қажет (АК-нің 383-бабы).
Нормативтік құқықтық актінің немесе бөлігінің кері күші оның өзінде немесе нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу туралы актіде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктік қарыз шарттарынан туындайтын қатынастарды реттеу тәртібіне өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін нормативтік құқықтық акт оны қолданысқа енгізгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Осы санаттағы істерді қарау кезінде соттар АК-нің 727-бабының 1-тармағына сәйкес банктік қарыз шарты бойынша қарыз беруші қарыз алушыға ақшаны қарызға төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық талаптарымен беруге міндеттелетінін негізге алуға тиіс.
Қарыз алушы банктік қарыз жөніндегі шарттық қатынастарды жасай отырып, қарыз ақшаны пайдаланғаны үшін қарыз берушіге шартта айқындалып белгіленген қарыз сомасынан пайыздық мөлшерлемемен сыйақыны мерзімінде (мерзімділік) төлеуге (төлемділік) және қарыз қаражатын қайтаруға (қайтарымдылық) міндеттеледі.
Соттар банктік қарыз шартында шарттың нысанасы туралы талаптар, заңнамада елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті деп танылған талаптар, сондай-ақ тараптардың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізілгенін анықтап, сол талаптар қамтылуы тиіс екенін назарға алуы тиіс.
Соттардың банктік қарыз шартын жасасу кезінде аталған талаптардың сақталуын тексеріп, оларды зерттеуі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарға баға беріп, ол үшін жауаптылық мөлшерін айқындауы қажет.
Соттар тараптарға дауды татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен, не дауды шешу үшін төрелікке жүгіну арқылы шешу құқығын және олардың құқықтық салдарларын түсіндіруі қажет (АПК-нің 4, 174-баптары)
Соттар валютаның баламасына таңылып, теңгемен берілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейтінін ескергені жөн. Бұл шектеу банктердің арасында жасалатын шарттарға қолданылмайды (Банктер туралы заңның 34-бабының 4-тармағы).
Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша соттар олардың заңдылығын және негізділігін мұқият тексеруге, негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы бойынша берешек есептерінің дұрыстығын зерттеуге тиіс. Қажет болған жағдайда сот арнаулы білімі бар мамандарды істі сот талқылауына дайындау сатысында да, сот отырысының барысында да тарта алады (АПК-нің 77-бабы). Соттар тараптардың уәждерін зерттеу кезінде банктің, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының басқару органы бекітетін Ішкі кредит саясаты туралы қағидалардың ережелерін ескеруге тиіс (Банктер туралы заңның 34-бабының 8, 9, 10, 11-тармақтары).
Іс үшін маңызды болатын мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтау мақсатында соттар кредит досьесінің құжаттарын зерттеуге тиіс, ол жалпы қағида бойынша кредит беру туралы шартқа қол қойылған күні ашылып, оның қолданылуы тоқтатылған сәтте ғана жабылады. (Кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесінің 5,8-тармақтары). Соттар кредит досьесінің құжаттары бойынша қарыз берушінің қарыз алушының кредит төлеу қабілеттігіне (төлем қабілеттігіне) жан-жақты, толық әрі сапалы бағалауды жүргізгенін анықтауға тиіс. Атап айтқанда, қарыз алушының қарызды, салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша, үшінші тұлғалардың алдындағы берешегін өтеу үшін тұрақты әрі жеткілікті кірісінің және өзге табыс көздерінің бар болуы анықталады. Сот қарыз алушының кредит төлеу қабілеттігіне бағалауды қарыз берушінің жүргізбегенін немесе тиісті дәрежеде жүргізбегенін, оның қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамауына және (немесе) тиісті дәрежеде орындамауына әсерін тигізгенін анықтаған кезде борышкердің жауаптылығы үлесін (тұрақсыздық айыбын, айыппұлды, өсімпұлды өндіріп алуға қойылған соманы) азайта алады (АК-нің 364-бабының 1-тармағы).
Соттарға көрсетілген мән-жайларды анықтауға және міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін объективті себептер туралы дәлелдемелермен расталған борышкердің уәждеріне (мысалы, қарыз алушының қарызды қайтару жөніндегі талаптарды бұзуына баланың тууына байланысты ауруханада жатқаны себеп болды, ол туралы медициналық құж Осы санаттағы істерді қарау кезінде соттарға қарыз берушінің қарыз алушыға қарызды мерзімнен бұрын қайтару туралы талабының заңдылығын анықтау, сондай-ақ ол туралы хабарламаны қарыз алушының мекенжайына жіберу рәсімінің сақталуын айқындау қажет аттардың бар болуы және сол сияқтылар) тиісті құқықтық баға беру қажет
Осы санаттағы істерді қарау кезінде соттарға қарыз берушінің қарыз алушыға қарызды мерзімнен бұрын қайтару туралы талабының заңдылығын анықтау, сондай-ақ ол туралы хабарламаны қарыз алушының мекенжайына жіберу рәсімінің сақталуын айқындау қажет
Көрсетілген талаптардың бұзылуы талап қою арызын қайтару және оны қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады, өйткені талап қоюшы осы санаттағы істерге заңда белгіленген немесе шартта көзделген сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібін сақтамаған және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаған (АПК-нің 8-бабының алтыншы бөлігі, 152-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасы, 158-бабы, 279-бабының 1) тармақшасы).
Сонымен бірге құқық қолдану тәжірибесі кейбір кездерде банктердің қарыз алушының алдында банктік қарыз шарттары бойынша міндеттерін орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау да кездеседі.
Соған байланысты шартта көрсетілген тараптар жүгінген банктік қарыз шарттары бойынша туындайтын дауларды қарауда үлкен жүктеме және жауапкершілік соттарға түседі.
Банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде шарттардың тиісті ресімдеуіне назар аудару, негізгі және келесі міндеттемелердің шарттарын, оның ішінде құқық беру, міндеттеме қатысушыларының құқықтарының бұзылуын болдырмау мақсатында борышкердің міндеттемелерінің бұзылуына әкеліп соқтырған себептерді, міндеттемелерді бұзу үшін жауапкершілік негіздемесінің болуын немесе болмауын мұқият зерделеу қажеттілігін айту жөн.