Лента новостей
0

Әділетті қоғам- әділетті заңдармен құрылады!

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.04.2014 16:02 Фото: zakon.kz
заңгер.

Заңда адам құқығы жоғары бағаланбайынша

Заңның орындалуы жоғары мәртебеге ие болмайды

 

Құқықтық қарым-қатынас қоғамдық қарым-қатынастың маңызды бір бөлігі болып табылады. Құқықтық нормалар құқықтық қарым- қатынастың негізі.Дұрыс және аділетті қоғамдық қарым-қатынас қалыптасуы үшін құқықтық нормалар нақты өмірлік қарым-қатынасқа сәйкес болуы керек деп ойлаймын, сондықтан төмендегі құқықтық нормаларға өзгерістер енгізуді ұсынамын.

Бірінші ұсыныс:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 52-бабының 2 тармағындағы «алты айға» деген сөзді «жүз сексен күнге» деген сөздермен алмастыруды ұсынамын.

Тәжірибеде құқық бұзушы (жеке кәсіпкер, кәсіпорындар) белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) уақытша айыру кезінде сот келтірілген залал айыппұлмен өтелген жағдайдың өзінде де, кем дегенде бір айға тоқтатылады немесе уақытша айырады. Бақандай бір айға кәсіпорынның немесе жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтап қалғаннан кейін, оны қайта жүргізу кей жағдайда мүмкін болмай қалады. Егер өзгерту енгізілсе санкцияны қолдану бір айдан басталмай, күнмен есептеліп, сот бір айдан төмен санкцияны пайдалана алу мүмкіншілігі туындайды.

Екінші ұсыныс:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1241 «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының 56 пунктінің 1 тармағына сәйкес медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша күтімді қажет ететін баланы стационарлық емдеу кезінде күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы ата-ананың біреуіне немесе балаға күтім жасайтын адамға, үш жасқа дейін баланың стационарда болған бүкіл кезеңінде беріледі. Осы баптағы «үш» жасты «бес» жасқа алмастыруды ұсынамын.

Күнделікті өмірімізде кездесетін жағдайда ешбір ата-ана үш жастан асқан баласын емханаға жалғыз жатқызбайды, баланың қасына бір адам жатады (көпшілік жағдайда анасы жатады). Үш жастан асқан баламен станционарда жатқан адам еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ала алмайды, сондықтан жұмыстан ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болады. Еліміз ана мен баланы қорғау саясатын, жастар саясатын кеңінен қолдап отырған сәтте жас ата-аналар үшін бұл өзгеріс маңызды деп ойлаймын, және азда болса қаржылық көмек болушы еді.

Үшінші ұсыныс:

«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446Заңының орнына «Көлік құралдары жүргізушілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» жаңа заң қабылдау керек.

Адам бір жылда бірнеше көлік құралын айдайды, тіпті кей жағдайда бір күнде бірнеше көлік айдайды. Егер бұл заң қабылданса адамдар өздерінің көлік құралдарын жүргізуші ретінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырады. Көлік (машинасын) сатып алған жағдайда немесе сенім хат арқылы көлік жүргізген кезде қосымша сақтандырудың ешқандай қажеттілігі болмайды. Өйткені, көлік құралдарын жүргізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады.

Төртінші ұсыныс:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 240-бабына сәйкес қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшін осы Кодексте белгіленген негіздермен қатар азаматтық қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі болып табылады. Мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жұмыс беруші ретінде жұмысшымен оның зейнеткерлік жасқа жетуімен байланысты еңбек шартын бұзу құқығы берілмеген.

Жұмыс беруші ретінде мемлекеттік ұйымдар және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың еңбек шартын бұзу құқығын теңестіру мақсатында Еңбек кодексінің 54 бабының 1 тармағына «зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты» деген мәтіндегі 20 тармақша енгізу керек деп ұсынамын. Егер зейнеткерді жұмыс беруші ары қарай тәжірбиелі маман ретінде қалдырам десе, онда ол жыл сайын еңбек шартын ұзартып отырады.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: