Атыраулықтар жауын суы астында қалып, қиналмауы керек – Н.Ноғаев

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.04.2016 17:51 Zakon.kz
Жұмыс тобына енген әр адам өзінің құнды кеңесімен, ғылыми дәлелімен, өмірлік тәжірибелерімен бөліспек.

Жауын жауған сайын Атыраулықтар су астында қалып қиналмауы керек! Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осындай талап қойды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жауын жауған сайын су кешіп жүретін атыраулықтардың жайы облыс әкімін алаңдатты. Атырау қаласындағы дренаж жүйесінің жалпы ұзындығы 11 шақырым, 842 метр, ал жауын суы канализациясы 4 шақырым, 11 метр. Жауын суы ұңғымаларды жиі толтыратындықтан, еңісте тұрған дренаж құбырларын бір қалыпты ұстау мүмкін емес. «Атырау су арнасы» мекемесі басшысының орынбасары Виктор Сущенконың пікірінше, бұл проблемадан құтылу үшін дренаж жүйесін салу керек. Бірақ, жауапты мекеме басшысының бұл сөзі облыс әкімінің көңілінен шыққан жоқ.

«Виктор Иванович, сіз ірі мамандандырылған компания бастығының орынбасарысыз! Сіз өз сөзіңізде «жүйе құрылысын салу керек шығар деп» айтып отырсыз. Сізді жоғары деңгейлі басшы деп біз тыңдап отырмыз. Бұл мәселені шешуде нақты қандай жұмыстарды жасауға болады? Бізге нақты ақпарат керек! Яғни, осылай жасасақ мынадай нәтиже болады, егер жасамасақ мынадай болады дегендей», - дейді қаһарланған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Виктор Сущенконың сөзіне қанағаттанбаған облыс әкімі осы саланың ақсақалдары мен мамандарын сөзге тартты.

«Егер қалада 350 мыңнан астам тұрғын болса, онда жауын суын қалалық канализацияға жіберуге болады. Сөйтіп, құбырларды жауын суымен қатар тұрмыстық су үшін пайдалану қажет. Сонда екеуі бірдей сорылады», - дейді Мәскеуден келген маман Сергей Куранов.

Жиын соңында облыс әкімі тездетіп жұмыс тобын құруды тапсырды. Жұмыс тобына енген әр адам өзінің құнды кеңесімен, ғылыми дәлелімен, өмірлік тәжірибелерімен бөліспек. Облыс басшысы бірлесіп жасаған жұмыстардың нәтижесінде әлі қолданылмаған жүйе табарына сенімді.

Фото:BNews.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: