Петропавлда 29 әскери медаль мен орденді қолды еткен пәтер тонаушылар ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.05.2016 22:03 Zakon.kz
Ұсталғандар қамауға алынды. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен соталды тергеу жүргізілуде.

СҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері пәтер тонаған ұрыларды ұстады. Бұл туралы өңірдің ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат.

«Полицияға ет комбинаты ауданында жеке үйлердің бірінде пәтер ұрлығы жасалғаны жайлы хабарлама түсті. Қаскүнемдер түс кезінде үйге баса көктей кірген. Ұрланған заттардың ішінде 29 медаль, ордендер бар. Наградалар үй иелеріне екі жыл бұрын қайтыс болған майдангер әкесі Григорий Ефимович Яйковтан қалған. Атышулы бұл қылмыс ерекше бақылауға алынды», - делінген хабарламада.

ІІД ҰҚКБ қызметкерлері жедел іздеу шараларын жүргізді, бір тәулікке жетпейтін уақытта күдіктілердің кім екені анықталды. Ұстау операциясы «Корона» сауда үйінің маңында Петропавл қаласының ІІБ полиция бөлімінен әріптестерімен бірлесіп, ІІД қызметкерлері жүргізді. Олар майдангердің 29 медалін 45-50 мың теңгеге сатуға әрекеттенген.

Қылмыскерлер Петропавл қаласының 1985 және 1986 жылы туылған тұрғындары. Екеуі де бұдан бұрын ұрлық, есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотты болған. Тергеу барысында орден, медальдарды ұрлаған күні олар Қопай ауданында тағы бір үйді тонағаны белгілі болды. Түскен ақшаға скутер сатып алған.

«Олар басқа да қылмыстар жасағанын толықтай мойындады. Қазір бірінші бөлімнің криминалдық полиция қызметкерлері тергеу жүргізуде», - деп нақтылады ІІБ бөлімінің тергеушісі.

Ұсталғандар қамауға алынды. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен соталды тергеу жүргізілуде. Бұл бап бойынша санкция мүлкін тәркілеп, үштен жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Фото:ria.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: