Алматыда өзіне қол салғысы келген қызды құтқарған полицей марапатталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.05.2016 22:46 Zakon.kz
Қалалық ІІД ЖПҚ инспекторы Санжар Əбдрайымовқа «Ерлігі үшін» медалі берілді.

Алматыда өзіне қол салғысы келген қызды құтқарған полицей марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ІІД ЖПҚ инспекторы Санжар Əбдрайымовқа «Ерлігі үшін» медалі берілді.

Айта кету керек, «Буран-111» экипажына бір бойжеткеннің көпірден секіргелі тұрғаны туралы хабарланған.

Бірнеше минутта оқиға орнына жеткен полицейлер уақыт созу үшін қызды əңгімеге тарта бастады.

Бойжеткен бірнеше күн бұрын босанған болып шықты. Отбасы мүшелерінің көрсеткен қысымына шыдамай өзіне-өзі қол жұмсауға тырысқан.

"Əйел бір мезетте төмен қараған кезде оны ұстап үлгердім. Бірақ мен ерлік жасаған жоқпын. Менің орнымды кез келген полицей осылай істер еді. Бұл біздің парызымыз", - деді сержант Əбдірайымов.

ІІД ғимаратында өткен салтанатты жиын барысында алматылық құқық қорғаушылардың отан алдындағы борышын адал атқарып жатқандығы айтылды.

Гүлмира Ғосманәли

Фото: inform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: