Лента новостей
0

Сот жүйесінің жетістігі уақыт талабы

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.11.2016 16:24 Zakon.kz
Бүгінгі тәуелсіздік туы желбіреген таңда Қазақстанда жүргізілген сот реформасы сот төрелігі жүйесін еліміздің азаматтары мен олардың талаптарына сай келетіндей етіп өзгертті.
Бүгінгі тәуелсіздік туы желбіреген таңда Қазақстанда жүргізілген сот реформасы сот төрелігі жүйесін еліміздің азаматтары мен олардың талаптарына сай келетіндей етіп өзгертті.
2013 жылғы 20 қарашада Астана қаласында өткен республика судьяларының VI съезінде Елбасы сот қоғамдастығының алдына заңнамалық нормаларды жетілдіру, дауларды шешудің баламалы түрін енгізу, бұқара халықты сот төрелігінің ашықтығымен қамтамасыз ету және сот корпусының кәсібилігін арттыруға байланысты бес тапсырма қойды. Сонымен бірге, 2015 жылғы 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде осы аталған тапсырмалар анағұрлым кеңейтіліп, Қазақстанның сот корпусы алдына жаңа бағыттағы 11 қадамнан тұратын тапсырмалар қойылды. Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына қосу мақсатында реформалар мен алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ел Президенті 100 нақты қадамды айқындап берді. Елбасы басты бағыттардың бірі ретінде заң үстемдігін белгілеп, «100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында сот жүйесіне баса назар аударылды.
Аталған бағыттағы жұмыс тиісті мерзімде және лайықты деңгейде жүргізіліп, 2016 жылғы 1 қаңтарда барлық шаралар іске асырылды. Қазақстанда жаңаланған Қылмыстық, Қылмыстық процессуалдық, Қылмыстық атқару кодекстер енгізілді. Жаңартылған заңнамалық база соттық қорғау өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұл қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер еліміздегі түрме халқын азайтуға септігін тигізетін, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар тағайындауды көздейтін сот тәжірибесінің жаңа бағыт-бағдарын айқындап берді.
Оған қоса, даудың әрбір сатысында жақтардың татуласу мүмкіндіктері қарастырылып, жаңа элементтер енгізілген жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс қабылданды. Кодексте азаматтық процестің базалық институты, соттардың мамандандырылуы, сот актілерінің қайта қаралу тәртібі мен қағидалары сақталған. Бұл жаңашылдықтар жақтардың құқықтары мен мүдделерінің уақытылы шешілуін, сот актілерінің сапалылығын арттырып, істерді қарау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді.
Сот жүйесі бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне ауысты. Қазір бірінші сатылы сот жүйесі ретінде қылмыстық, азаматтық істерді қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар, мамандандырылған соттар, ал апелляциялық сатылы сот жүйесі ретінде облыстық және оған теңестірілген соттар, кассациялық сатыдағы сот жүйесі ретінде Жоғарғы Сот танылды.
Үш сатылы сот жүйесі толығымен халықаралық стандарттарға сай келеді, әрі сот процестерін жасанды созбалаңға салуға мүмкіндікті азайтады.
Елде жасалған реформалардың тағы бірі ретінде - Қазақстанда 1 қаңтардан бастап, инвестициялық даулар бойынша сот өндірісі құрылды. Бұл Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асырудың "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 23-қадамында белгіленген болатын. Жоғарғы Сотта ірі инвесторлардың қатысуымен дауларды қарайтын жеке сот өндірісі өз жұмысын бастап кетті. Процессуалдық кодекске енгізілген жаңа нормаларға сай, Астана қалалық сотында инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған құрам құрылды. Бұл еліміздің инвестициялық хал-ахуалын жақсартып, кәсіпкерлік пен инвестицияны қорғаудың жаңа деңгейіне алып келеді.
Оған қоса, ел Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл орталықта шетел судьяларының қатысуымен дауларды қарайтын Дубай қаржы орталығы сотының тәжірибесі негізінде қаржы соты құрылады.
Судьялардың VI съезінде Мемлекет басшысымен сот тәртібінде қаралатын даулар санын анағұрлым азайту, татуласу рәсімдері мен медиацияны дамыту қажеттігі баса айтылған. Осы негізде қолданыстағы кодексте дауларды сотқа дейінгі реттеу міндеттілігі кейбір санатты істер бойынша жүргізіледі. Дау-дамайды сотқа дейінгі реттеу жақтардың дауды қысқа мерзімде, минималды материалды және моральды шығындармен шешуге мүмкіндік туғызады. Заңнамада татуласу рәсімдерін жүргізу тәртібі айқындалған. Қазіргі таңда дауларды сотқа дейінгі және соттық тәртіпте реттеу институтын қолдану өрісін дамыту бойынша Астана қалалық соты жергілікті Әкімшілікпен Меморандумға қол қойды.
Республиканың сот жүйесінің алдына қойылған талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты соттарда ақпараттық технологияларды қолданудың бірқатар жүйелік-ұйымдастырушылық шараларын қолданып жатыр. «Сот кабинеті» атты жаңадан енгізілген ақпараттық сервис сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, сот төрелігіне қолжетімділік, ашықтық пен мөлдірлікті қамтиды. Бұл сервис кез-келген тұлғаның уақытын үнемдей отыра, үйінен немесе кеңседен шықпай, ғаламтор желісі арқылы сотқа талап арыз, өтініш тапсыруға, әрі мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік береді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтырғы көрсеткіштерге қарағанда «Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылардың саны артып, сервис арқылы бір миллионнан артық арыз-өтініштер сотқа келіп түскен.
Электрондық сот өндірісін одан әрі дамытудың бір көрінісі ретінде 2015 жылғы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалардың уәкілетті органдармен электронды түрде жолдануға қатысты жобаның іске асуы танылады. Оған қоса, биыл шілде айында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты сақтандыру компанияларына сот күшіне енген сот актілерін электронды түрде жолдайтын пилоттық жобаны іске асырды. Бұдан бұрын жол-көлік оқиғаларының қатысушылары әкімшілік құқық бұзушылық іске қатысты заңды күшіне енген сот қаулысын соттан өзі алып жүрсе, қазір сот органдары электронды түрде одан арғы сақтандыру төлемдерін жүргізу үшін сақтандыру компанияларына жолдайды. Бұл шаралар электронды сот төрелігіне көшудің бір қадамы десек қателеспейміз. Аталмыш жоба азаматтардың уақыттарын үнемдеуге септігін тигізеді.
Ұлт жоспарында көтерілген мәселелердің бірі - ол еліміздің сот жүйесін инновациялық жаңа технологиялармен қамтамасыз ету. Осыған орай, республикамыздың барлық соттары заманауи аудио-бейне таспа құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Барлық сот отырыстары аудио-бейне таспа құрылғылармен жабдықталған сот залдарында өткізіледі. Бұл жүйенің негізгі басымдылығы болып сот ісіне қатысушыларды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды, сондай-ақ барлық тараптарды тәртіпке шақыру танылады. Сот процесі барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылық туғызған даулы мәселелер туындаған жағдайда, екі тараптың дұрыс, не бұрыс жағына көз жеткізу үшін электрондық жазбаға жүгіне алады, әрі судьялар мен басқа да адамдар үшін қасақана жала жабу фактісіне белгілі бір кепіл бере алады.
Бұл жүйенің қарқынды бағытының бірі ретінде мәліметтерді сақтайтын орталықтандырылған аудио-бейне таспа жүйесінің «Төрелік» және «Сот кабинеті» онлайн-сервистерімен біріктірілуін атап өтуге болады. Бұл жүйенің халыққа тиімділік тұсын атап өтсек, электронды санды қолтаңбамен қол қойылған сот актісі бірден «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы «Сот кабинеті» сервисіне түсіп, іске қатысы бар жақтың сот құжаттарымен танысып, оларды шығарып ала алуына кең мүмкіндік берілген.
Ұлт жоспарының 17-қадамы аясында сапалы судьялар корпусын қалыптастыруға ерекше мән берілгендіктен, елде судья лауазымына іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді. Енді аудандық сот судьясы лауазымына 25 жастан асқан, жоғары заңгерлік білімі бар, жоғары руxани-моральдық қасиеттерге ие және абырой-беделі мінсіз азаматтар ғана алынады. Кандидат сот жүйесінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс немесе кемінде 10 жыл заңгерлік салада қызмет атқаруы қажет. Оған сот жүйесінде қызмет атқарған кеңесшілер, xатшылар, көмекшілер, прокурорлар мен заңгерлер де кіреді.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының келесі бағыты шеңберінде судьялардың жаңа этикалық кодексі әзірленді. Бұл кодекс ағымдағы жылдың қараша айында өтетін республика судьяларының VII съезінде қабылданады деп күтілуде. Кодексте бекітілген тәртіп пен қағидалар барлық әрекет етуші және отставкадағы судьялар үшін міндетті болып табылады.
Сот төрелігін кәсіби сауатты және мінсіз тәрбиелі заңгерлер жүзеге асыруы қажет. Осы екі сапаның қалыптасуы халық тарапынан судьяға білдіретін құрметтің бірден-бір кепілі болмақ. Сот жүйесін реформалау мен сот органдарының жұмысын насихаттау бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың түпкі мақсаты - азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру.
Бүгінгі таңда отандық сот жүйесі заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларды орындап қана қоймай, қоғамның мүддесін ойдағыдай шешуде. Судьялар 30-дамыған елдің қатарына кіру мақсатында Елбасымен сот жүйесінің алдына қойған тапсырмаларды орындауда айтарлықтай өз үлестерін қосып отыр.
Қазақстан Республикасы сот жүйесінің көрсеткіштері барлық айрықша халықаралық рейтингтер бойынша жоғарылап, «Соттық тәуелсіздік» индексі бойынша 14-ші позицияға көтерілді.
Қазақстанмен сот қызметінің индикаторының жақсаруы халықаралық ұйымдардың пікірінше, соттардың сот ісін жүргізу саласын жаңаландыруға қатысты жүйелі жұмыстың жүргізілуі нәтижесінде.
Бүгінгі таңда біздің елде тұрақтылық пен қорғаныс кепілі бар. Мұның барлығы мемлекетке деген сенімділіктің белгісі. Бұл еліміздегі соттар жұмысының басты көрсеткіші іспеттес.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Рахматуллаев У.Г.
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: