Лента новостей
0

2017 жылы Павлодар облысына оңтүстіктен 50 отбасы қоныс аударады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.11.2016 21:33 Zakon.kz
Ішкі-көші қон саясатын одан ары жетілдіріп, қоныс аударушыларға баспана беру мәселесін ретке келтіру үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне облыс әкімдігі тарапынан хат жолданған.
Павлодар облысына ішкі көші-қон саясаты бойынша оңтүстік өңірден 50 отбасы көшіп келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты көші-қон бөлімінің бас маманы Мұхит Жақсылықұлының сөзінше, биыл өңірге алғаш рет ішкі көші-қон саясаты бойынша оңтүстік өңірден сегіз отбасы көшіп келген. Олар Шарбақты, Павлодар, Ертіс және Баянауыл аудандарына қоныстанып, еңбек етуде. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жол шығынын өтеу субсидиясы берілді. Яғни, үйдің отағасы 50 айлық есептік көрсеткіш және басқа мүшелері 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы алады. Алайда, олардың бір де біреуіне мемлекет тарапынан баспана ұсынылмаған. Қазіргі таңда жартысы жұмыс берушілер тарапынан берілетін қызметтік пәтерді паналаса, кейбіреуі үй жалдап тұруда.

- Жақында біздің басқарма басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына, бөлім басшысы Қызылорда облысына барып, халықпен кездесу жасады. Сонда оңтүстіктен солтүстікке көшіп келіп, жұмыс істегісі келетіндердің қатары өте көп екені байқалды. Мәселен, Шымкенттен 200 және Қызылордадан 300-дей отбасы осы аймаққа қоныс аударуға ниет білдіріп отыр. Бірақ, бұған баспана мәселесі қолбайлау болып отыр. Егер де мемлекет тарапынан үй берілсе не болмаса үй сатып алуға жететіндей қаражат бөлінетін болса, біздің өңірде жеткіліксіз мамандардың көбін сол жақтан тартып алуға болар еді. Ол үшін мемлекет баспанамен қамту мәселесін шешу керек, - дейді Мұхит Жақсылықұлы.

Маманның айтуынша, ішкі-көші қон саясатын одан ары жетілдіріп, қоныс аударушыларға баспана беру мәселесін ретке келтіру үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне облыс әкімдігі тарапынан хат жолданған.

Тілеуберді Сахаба

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: