Горячие новости
Читайте также

Атырауда полиция қызметкері 22 жылға сотталды

Жаза өтеу орны қатаң режимдегі түзету колониясы болып белгіленді.

Фото : 5 мая 2016, 17:52

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы полиция лейтенанты Манарбек Утеуовті 22 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

«Сот үкімімен М.К.Утеуовқа қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5,8 тармақтарымен, 385-бабының 2-бөлігімен, 28-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 2-бөлігінің 1,2,3 тармақтарымен, 191-бабының 2-бөлігінің 2 тармағымен, 361-бабының 4-бөлігімен, 188-бабының 3-бөлігімен, 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22 (жиырма екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны қатаң режимдегі түзету колониясы болып белгіленді», – деді Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Сонымен қатар, осы үкіммен тағы бір күдікті Асан Курбанбаев қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге түзету колониясының жалпы режимінде бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Жолдасбек Шөпеғұл

Фото:exzk.ru


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии