Лента новостей
0

ҚР-да 5 жылда ағзаларды транспланттау бойынша 700-ден астам ота жасалды - ДСӘДМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.06.2016 21:34 Zakon.kz
Халықтың негізгі денсаулық жағайының көрсеткіштері артты, ана мен сәби өлімдерінің көрсеткіші 1,8 есеге төмендетіліп, жалпы өлім көрсеткіші 16,2%-ға азайды.

Қазақстанда халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсартылды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ-дегі «Отандық денсаулық сақтау саласының үздік дәстүрлері – медицина қызметкерлері ерен еңбегінің жемісі» тақырыбында өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой.

«2015 жылы ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аяқталды. Оның негізгі жетістіктері: қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2010 жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өсіп, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 71,8 жасты құрады (2010 жылы – 68,41), халықтың негізгі денсаулық жағайының көрсеткіштері артты, ана мен сәби өлімдерінің көрсеткіші 1,8 есеге төмендетіліп, жалпы өлім көрсеткіші 16,2%-ға азайды. Қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 15,4%-ға, туберкулезден – 2,8 есеге төмендеді», - деп хабарлады А.Цой.

2010 жылдан бастап Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінің аясында «стационарды еркін таңдау» қағидасы жүзеге асырылды, медициналық қызметтің сапасына оң әсер ететін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМКК) ұсынушылар арасында бәсекелестік дами түсті. 2015 жылдың нәтижесі бойынша ТМКК-ны дербес ұсынушыларының үлесі шамамен 30%-ға жетті, 2010 жылға дейін мүлде болмаған. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Тұрақты қаржыландыру мен төлем жүйесінің жаңа әдістері еліміздегі халықаралық деңгейде енгізілетін жоғары әрі бірегей технологиялардың даму тетігін қалыптастырды. Жыл сайын республикада 75 мыңнан астам кардиохирургиялық оталар жасалады. Асқыну салдары өлім-жітім мен мүгедектікке әкелетін миының қанайналымы жіті бұзылған ауруларға жоғарғы санатты көмек көрсетілетін 40 инсульт орталығы ашылды. Жоғарғы технологияларды енгізу - жүрек- қантамырлар ауруларынан болатын асқынулар мен өлім-жітім көрсеткішін айтарлықтай азайтты. Нәтижесінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім соңғы 5 жылда 2 есеге азайды. Ағзалар мен тіндерді транспланттау белсенді түрде дамып келеді. Соңғы 5 жылда жүрек, өкпе, бауыр, ұйқы безін ауыстыру бойынша 700-ден астам ота жасалды», - деді ДСӘДМ басшысы.

А.Цой сондай-ақ ведомство қатерлі ісік ауруларымен күрес бойынша үлкен жұмыс атқарып жатқандығын айтып өтті. Қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтау үшін скринингті енгізумен бірге, қажеттілікке сай химиялық препараттармен қамтамасыз етуге қомақты қаржы бөлінді. Онкологиялық ауруханалардың материалдық-техникалық базасы күшейтілді, қымбат құрал-жабдықтар сатып алынды. Радиациялық онкологияның 5 жоғарғы технологиялы орталығы құрылды. Астанада шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, заманауи талаптарға сай, сырқаттанған адамдарға тегін жоғарғы білікті көмек көрсетілетін Ұлттық ғылыми онколгиялық орталықты құру жоспарланып отыр.

«Сапалы медициналық көмек дегеніміз – бірінші кезекте медициналық кадрлардың жоғарғы біліктілігі деген ұғымды білдіреді. Сондықтан медициналық қызметкерлердің білімін үздіксіз кәсіби жетілдіру жүйесі жаңғыртылуда. 2015 жылы республикалық бюджет есебінен 14 мыңнан астам маман, оның ішінде 90 адам шетелде оқытылды», - деп хабарлады Алексей Цой.

Сондай-ақ, вице-министр ҚР ДСӘДМ кәсіби бірлестіктермен бірлесе отырып медициналық көмек стандарттарын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Сапаны басқару тетіктерінің бірі болып табылатын аккредиттеу жүйесі қазіргі таңда кепілдік берілген көмек көлемі бойынша мемлекеттік тапсырысты алу барысында басым мәнге ие. Бүгінде ұлттық аккредиттеу стандарттары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Атап айту керек, Ұлттық медициналық холдингтің бірнеше емханасы халықаралық аккредиттеу куәлігін алды. Бұл медициналық туризмді дамытуға, біздің алдыңғы қатарлы емханаларымызда шетел азаматтарын емдеуге ықпал етеді.

Дәрілік заттардың қолжетімділігі қамтамасыз етілді – 2012 жылдан бастап аурулардың жеке санаттары 48 аурудың түрі мен 400-ден астам дәрілік заттардың атауымен тегін қамсыздандырылып келеді.

«100 мектеп және 100 аурухана» жобасының аясында 99 денсаулық нысаны салынды. «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшер-акушерлік пункттер мен емханалар құрылысы» жобасының аясында 5 жылдың ішінде 310 денсаулық сақтау нысаны салынды. 2016 жылы 40 нысан салу жоспарланып отыр, бүгінде оның 5 нысанын салу аяқталды.

«Халықаралық сарапшылардың қатысуымен дайындалған 2016-2019 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. Ол аталған саладағы жетістіктерді дамыту мен бекітуге бағытталып, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін 2050 жылға дейін жоспарлы түрде дамытуға негіз болады», - деп атап өтті ведомствода.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысы айқындаған бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары денсаулық сақтау саласындағы кешенді шараларды қарастырады. Бұл – жеке сектордағы медицинаны дамыту, корпоративті басқаруды енгізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, Медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссияны құру.

ЭЫДҰ елдері тәжірибесінің негізінде қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады. Ол санитарлық-эпидемиологиялық қызметті, салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану қызметтерін біріктіретін болады.

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті басым түрде қамтамасыз ету, оның профилактикалық бағытын күшейту әрі қарай жалғастырылады. Стационар деңгейінде медициналық көмек көрсету аймақтандыру қағидасы бойынша жүзеге асырылады – бұл медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі. Мұнда негізгі әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар: миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және балалыққа басымдық берілген», - деп мәлімдеді А.Цой.

Брифинг соңында Алексей Цой ҚР ДСӘДМ және еліміздің барша медициналық сала өкілдері медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мен азаматтардың денсаулығын нығайтуға бар күш-жігерлерін салатынын атап айтты.

Фото: www.nmh.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: