Лента новостей
0

Павлодар облысында балалар үйі біртіндеп жабылатын болады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.06.2016 21:54 Zakon.kz
Осыдан бес жыл бұрын облыста 19 балалар үйінде 810 жетім бала тәрбиеленсе, бүгінде мұндай 14 мекемеде 490 жеткіншек тұрады.

Павлодар облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім жеткіншектерге арналған балалар үйі біртіндеп жабылатын болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова мәлім етті.

- Осыдан бес жыл бұрын облыста 19 балалар үйінде 810 жетім бала тәрбиеленсе, бүгінде мұндай 14 мекемеде 490 жеткіншек тұрады. Бұл сандар балалардан бас тарту оқиғаларының азайғанын және асырап алуға ниет білдірген азаматтар санының артқанын көрсетеді. Мәселен, толық қуаттылығы 110 баланы қабылдауға мүмкіндік беретін Мичурин балалар үйінде қазіргі таңда 53 бала тұруда, - деді Бақыт Бексейітова.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірде партонаттық тәрбие жақсы дамыған. Бұған 100 шақты баланың қамқорлыққа берілуі дәлел бола алады. Бүгінде асырап алуға өтініш берген 105 ата-ананың басым бөлігі кішкентай балғындарды бауырына басуды жөн көреді. Дегенмен облыста отбасының жылуына мұқтаж ересек жастағы 333 жетім бала бар. Бұған қоса, бір шаңырақтан шыққан ағайынды бес-алты баланы бөліп, жармай бірге тәрбиелеп жеткізуге батылы жете беретін жандар кездеспейді. Айта кетерлігі, 2011 жылдан бері Павлодар облысында бес балалар үйі жабылған. Сондай-ақ, ауқымды балалар үйімен салыстырғанда Лебяжі, Шақат және Розовка сияқты отбасылық үлгідегі шағын мекемелердің жұмысы анағұрлым тиімді көрінеді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: egemen.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: