Горячие новости
Читайте также

Ақтөбеде бір түнде 58 адам қар құрсауынан құтқарылды

Республикалық маңызы бар «Қандығаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» және облыстық деңгейдегі «Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск» тас жолдарында қозғалыс әлі де шектеулі.

Фото : 25 января 2017, 16:15
Ақтөбе облысы бойынша 8 республикалық, 7 облыстық маңызы бар тас жол жабылып, бір түнде қар құрсауында қалған 8 техника мен 58 адам құтқарылды. Олардың үшеуі жылыту бекеттеріне орналастырылды. Осы уақытта 8 жүк көлігі жол бойында әлі де қалып отыр. Қардан тазарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ақтөбе облысында қыс басталғалы автожолдар алғаш рет жабылды. Кеше оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, боран соқты. Салдарынан республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 177-330 шақырымдар аралығында қозғалыс тоқтатылды. Сонымен қатар, «Қандығаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» бағытындағы жолдары жабылды. Қазіргі уақытта ауа райы қалыпқа түсті.

Бірақ республикалық маңызы бар «Қандығаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» және облыстық деңгейдегі «Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск» тас жолдарында қозғалыс әлі де шектеулі.

«Түні бойы құтқарушылар тынымсыз жұмыс істеді. Барлығы 8 техника қар құрсауынан шығарылды. Қазіргі уақытта Байғанин ауданындағы «Алтимус-Петролиум» мұнай компаниясына жақын маңында 8 жүк көлігі тұр. Жолды қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр»,- дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.

Айта кетейік, республикалық маңызы бар тас жолдарды тазартуға 64 техника жұмылдырылған. Ал Ақтөбе қаласы бойынша жол бойын 103 көлік тазартуда. «Ақтөбелік көлік жүргізушілері төтенше жағдайлар қызметі таратқан ақпаратқа үлкен мән береді. Оларда үлкен тәжірибе бар. Әлеуметтік желі арқылы да таратып, қызу талқылады және жолға шықпау туралы ақпаратқа түсіністікпен қарады. Жолдардың жабылғанын білген соң алыс сапарға шыққан емес. Тек транзиттік көліктерге хабарлама кеш барған болуы керек. Жолда қалып қойғандардың бәрі жүк көліктері болып шықты»,- дейді Қайрат Қасым.

Алтынай Сағындықова

Фото: inform.kz

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии