Горячие новости
Читайте также

Павлодарда жоғарыдан құлаған мұз сеңі электр кабелін үзіп түсті

Тұрғындар демалыс күні кооператив төрағасымен байланысқа шыға алмаған.

Фото : 27 марта 2017, 12:35
Павлодарда тұрғындар үшін қауіп төндіретін электр кабелін қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандарына кесіп тастауға тура келді. Кабель жоғарыдан түскен мұздың салдарынан үзіліп қалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Аждар Жүсіповтің айтуынша, оқиға "Азия" ПИК қызмет көрсететін аумақта орын алған. Дегенмен тұрғындар демалыс күні кооператив төрағасымен байланысқа шыға алмаған.

- Мир көшесі, 30 мекенжайы бойында екі қабатты үйдің төбесінен мұз сеңі кабельге құлаған, - дейді Аждар Жүсіпов.

- Біздің мамандар жаңа кабель өткізіп, балаларға түсіп кетпеу үшін төбені қардан тазартты. Айта кетерлігі, демалыс күндері орын алған жағдай үшін пәтер иелері кооперативіне айыппұл салынбайды.

Фото: Аждар Жүсіпов



Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии