Горячие новости
Читайте также

Мақтааралда 87 өндірістік кооператив құрылды

Кооператив 2016 жылы қайта жасақталып құрылса, бүгінде мұнда 242 шаруа мүшелікке енген. Бірлік пен еселі еңбектің арқасында 1125 га жерді игеріп отыр.

Фото : 29 марта 2017, 16:06
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында аймақтардағы жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартып, шағын шаруа қожалықтарын ірілендіру бойынша міндеттеме қойған болатын. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкмінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Осы мақсатта, Мақтаарал ауданында ауылшаруашылығы кооперативтерін құруды ұйымдастыру, кооперативтерді мемлекеттік қолдау құралдары мен оның тиімді жолдары туралы мамандандырылған кезекті көшпелі семинар өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Кооперация-агро-өнеркәсіп кешенін дамытудың негізі» атты семинарда мақта мен қарқынды бау шаруашылығын дамыту жайы айтылды.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 87 ауыл шаруашылығы өндірістік коопеартивтері құрылды. Ашылған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерге техника алуға, ағын сумен қамтамасыз етуге, минералды тыңайтқыштар тасымалдауға, энтомофактар өндіру үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде.

Семинарға жетекшілік еткен ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асқар Қаныбеков өңірдегі мақта егісінің 80% Мақтарал ауданына тиесілі екенін айтып, өнімнің түсімділігін арттыруға күш салу керектігін жеткізді. Мақтаралдық шаруалар мақта шитінің тұқымын әлі де көршілес елдерден алып келетінін айтып, мемлекет тұқым шаруашылығын өзімізде дамытуға ерекше көңіл бөліп, арнайы осы бағытқа субсидия бөліп отырғандығын атап өтті.

Семинарға жиналғандар мақта мен жеміс-жидек өсіру бойынша шеберліктерін шыңдап, осы саладағы озық технологиялармен танысты. Жиында мақта шаруашылығын дамыту, оған мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді алу бойынша «Нұр-Кетебай» өндірістік кооператив басшысы Сәду Бекенов өз тәжірибесімен бөлісті.

Аталған кооператив 2016 жылы қайта жасақталып құрылса, бүгінде мұнда 242 шаруа мүшелікке енген. Бірлік пен еселі еңбектің арқасында 1125 га жерді игеріп отыр.

Айта кетейік, өткен жылы Мақтарал ауданында 83 мың гектардан астам жерге мақта дақылы егіліп, орташа өнімділік 26,3 ц/га құрады. Яғни мақтаралдық диқандар 218,5 мың тонна ақ алтын жинап алған.

Ал аудандағы егістіктерді әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде биылғы жылы болжамдық мәліметтерге сәйкес аудан шаруалары 80 мың га алқапқа мақта дақылын егуді жоспарлап отыр.

Осы күні семинарға қатысушылар аудандағы қарқынды бау өсірумен айналысатын «Аботя» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қожалық төрағасы Ербол Ераливтің айтуынша, бүгінде ондағы қарқынды баудың көлемі 20 гектарға жеткен. Шаруашылықта тамшылатып суару әдісі бойынша жоғары сұрыптағы алма мен жүзім өсіріледі. Тынымсыз еңбектің арқасында шаруалар өткен жылы 180 тоннағы жуық өнім алған.

Сонымен қатар, аудан көлемінде 425,6 гектар жерге жеміс-жидек дақылдары орналастырылған болса, оның ішінде 105, 46 гектары қарқынды бау. Биылғы жылы оған қосымша 70 гектар алқапқа қарқынды бау орналастыру жоспарланып отыр.

Фото: ОҚО әкіміннің баспасөз қызметі

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии