Лента новостей
0

Ақмола облысында үш қарақшы қару ұрлап өткізгені үшін сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.03.2017 22:15 Zakon.kz
Ақмола облысының үш тұрғыны қару дүкені мен лимонад цехын тонап, күзетшілерді өлтіргені үшін араға 8 жыл салып сотталған.
Ақмола облысында қару дүкенін тонап, екі күзетшіні өлтірген бір топ адам сотталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сот үкіміне сілтеме жасап.

Тергеу дерегі бойынша, Көкшетаудың екі тұрғыны тапаншаға ұқсайтын зат жасап алып, беттерін тұмшалап, фирмаға шабуыл жасамақшы болған, алайда олардың бұл әрекеті орындалмай қалады. Кейін 2009 жылы тамыз айында күдіктілер түн ортасында "Сұңқар" дүкеніне кіріп қару-жарақ ұрлап, тығып қояды. 2010 жылы тамызда ер адамдар ұрланған қаруларымен лимонад цехына шабуыл жасап, екі күзетшісін өлтіреді.

Қарақшылар сол жолы 621 мың 787 теңге ұрлап кеткен. Мемлекеттік айыптау атап өткендей, күдіктілер қару сатып алып өткізген және өздері де жасап шығарған. Қарақшылық жасап, автокөлік айдап әкетуге тырысқан.

2016 жылы мамыр айында күдіктілер пулемет тапаншадан оқ ату үшін Көкшетауға орманға барады. Сол жерде оларды ІІД офицерлері байқап қалып, қызметтік көлікпен жандарына барған. Алайда күдіктілер қарсылық көрсетіп, полицейлерге пышақ салып, қашып кетеді. Полиция үш күдіктіні құрықтады.

Ақмола облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты үш адамды бірқатар қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныды.

Қылмыстық топтың басты екі мүшесі 23 және 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Үшінші қатысушы бес жылға шартты жаза мерзіміне кесілді, себебі топтың іс-әрекетіне белсенді түрде араласпаған екен.

Бұдан бөлек, күзетшіні өлтірген қылмыскер қаза тапқандардың отбасына моралдік шығын ретінде 3 миллион теңге төлейді.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: