Горячие новости
Читайте также

Өз анасының үйін казиноға айналдырған өскемендік тұрғын сот алдында жауап берді

Заңсыз казиноның мүліктері толығымен жойылды.

Фото : 31 июля 2017, 11:47
Өскемен қаласының №2 сотында өз анасының үйін заңсыз ойын ордасына айналдырған 33 жастағы азаматтың ісі қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сотта айыпты кінәсін бірден мойындаған. Тергеу органы күдіктінің жасыл түсті матамен ойын үстелін, ойын таймері мен әр түрлі номиналдағы фишкаларды сатып алғанын анықтаған. Жасырын казино шамамен бір жыл бойы жұмыс атқарып, оның ұйымдастырушысы көп-көрім пайдаға кенеліп отырған.

Ұлының құйтырқы әрекетін анасы сезбеген де көрінеді. Казиноға мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері «ойыншы» ретінде қатысып, ақыры күдікті ұсталады. Бұлтартпас дәлелдер күдіктіні тырп еткізбей, ол процессуалдық келісімге келген.

Сот үкімімен күдікті қылмысы үшін кінәлі деп танылып, оған 1 млн 345 мың теңге көлемінде айыппұл (500 АЕК) салынды. Заңсыз казиноның мүліктері толығымен жойылды.

Фото: inform.kz

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии