Лента новостей
0

Гиннестің рекордтар кітабына енген алып асық қаңсып далада жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.08.2017 20:59 Zakon.kz
Алып дүниені жасап шығуға 50 мың кәдімгі асық кеткен.
Гиннестің рекордтар кітабына енген, ЕХРО төрінде тұруы тиіс алып асық қаңсып далада жатыр. Бұл жаңалықпен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алты Алашқа мәлім болған алып асықтың тағдыры алаңдатады. 50 мың дана асықтан тоқылып жасалған алып асықты 2 ай бұрын EXPО көрмесіне қояды екен деп жаңалықтардан көрсетіп еді. Енді міне, Гиннестің рекордтар кітабына енген 2 тонналық алып асық жоғарыда уәде етілген көрмеде емес, күнге қаңсып палатканың астында тұр. Белгісіз себептермен EXPO-ға бармай қалған асықты Болат мырза енді Ұлттық музейге тапсыруға дайын», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ЭКСПО көрмесіне алып асықты сыйға тартқан. ШҚО-ның Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай әулие мұражайының директоры Болат Тағабай алып дүниені жасап шығуға 50 мың кәдімгі асық пайдаланған, оның ұзындығы - 4 метр, ал биіктігі - 3 метр.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: