Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қарағанды облысында көмірге қолы жетпеген жұрт ұзын-сонар кезекте тұр

Қарағанды билігі бұл жанталасты жөнге келтіру үшін көмір өндірушілермен келісімге келдік деп отыр.

Фото : 11 октября 2017, 10:29
Осы отынды тиеп әкетететін жүк көліктерінің жүргізушілері мұны бағаны қолдан өсірудің амалын жасап жатқан өндірушілерді кінәлайды. Ал биліктегілер өңірде көмір тапшылығы мүлде жоқ деп отыр. Тек, көмір өндіретін орындар отынды таратып үлгере алмай жатыр екен. Екі аптадан бері жұртты дүрліктірген мәселе бүгін Астанада да айтылды. Премьер-министрден осы дүрбелең үшін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов сөз естіді, деп жазады КТК телеарнасы.

Мынау – Қарағанды облысындағы көмір өндіретін мекемелердің маңындағы соңғы бірнеше күн бойы тұрған кезек пен кептеліс. Көмір алам деп келгендердің алды 10, арты үш күннен бері жатыр мұнда. Осындай ашынған елдің жаңайқайы жазылған бейнетаспалар қазір желіге желдей тарап жатыр. Мұны, астанадағылар да көрсе керек.

-Көмір өндірілетін облыс, көмірдің отаны. Ал оның кезегінде көліктер бірнеше шақырымдаған жерде қаңтарылып тұр. Жылу маусымына дайынбыз дегендеріңіз осы ма? Ерлан Жақанұлы, мұның себебі не?,- деп сұрады ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Қарағанды облысының басшылығы өңірде көмір тапшылығы жоқ, тек оған деген сұраныс артып кеткен дегенінен танар емес. Ауа температурасы жылдағыдан бір айға ерте суытқасын, қысқа дайын емес жұрт жаппай көмір іздей бастаған. Салдарынан дүрліккен жүргізушілердің шақырымдаған кезектерде тұруына алып келіпті. Жүргізушілердің айтуынша, елді сарғайтқан кезек бағаның өсуіне әкеліп отыр. Себебі, көмір тасымалын жасап жүріп, алтын уақыт жоғалса , жүктің құны да өседі.

- 3-4 тәулік тұрамыз. Ал Астана , Қызылорданың жігіттері бір аптадан аса жатыр. Бұрын 1 күнде бір рейс әкететінбіз. Қазір үш күнде 4 күнде бір рейс. Қазір дизель отыны қымбаттап жатыр. Онда бізге пайда жоқ бұдан,- дейді Қарқаралы ауданының тұрғыны Қуандық Мұқашев.

Ал Қарағанды билігі бұл жанталасты жөнге келтіру үшін көмір өндірушілермен келісімге келдік деп отыр.

-Енді алдындағы жүздеген көліктерді жүк тиеп аттандыру үшін мекемелер тәулік бойы жұмыс істейтін болды. Шенеуніктер осы арқылы, ары кетсе, бір аптада көмірге қатысты қарбаласты жоямыз деп сендіреді. Айтуларынша, кезек болмаса қазір тоннасына 20 мың теңгеге дейін шарықтап кеткен бағаның да түсуі ғажап емес.

Фото: www.inform.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии