Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Зиялы қауым өкілдері: Атамбаев ең көргенсіз әрекеттерге бара бастады

12 октября 2017, 10:59

Атамбаевтың зейнетақы мен тарифтерге қатысты айтқандары шындыққа сәйкес келмейді - Әбілқасым Досболов.

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдіріп, ойларын ортаға салды, деп жазады dalanews.kz.

– Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың елдегі президенттік сайлауда қазақ-қырғыз елдерінің тату көршілігіне сызат түсіріп, ағайындық қатынастарға зардабын тигізетін мәлімдеме жасауы ел басшысы үшін өрескел әрекет болды. Дегенмен, дәурені өткен Атамбаевтың сөзіне назар аударудың қажеті жоқ. «Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың спекуляциялық үндеулеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының үкіметі қазақ-қырғыз ынтымақтастығын және стратегиялық серіктестігін белсенді түрде кеңейтіп, нығайтады», – деген Қазақстан Үкіметі басшысының Б.Сағынтаевтың орынды пікірімен құптаймын. Біз қырғыз еліндегі сайлаудың бейбіт жолмен, ың-шыңсыз өткенін қалаймыз. Сайлау қорытындысында жеңген кандидатпен дұрыс қарым-қатынас орнату, алдағы 15-20 жылға стратегиялық көкжиектерімізді айқындау, алдағы тұрған міндет, - деп ойын білдірді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлықтарының лауреаты Мархабат Байғұт.

– Қырғыз елі – Жаратқанның өзі о баста көрші етіп қойған, Қазақстан үшін аса маңызды мемлекеттердің бірі. Қазақта «Киіз сатсаң – көршіңе сат, бір шетінде өзің отырасың» деген мақал бар. Сол себепті көрші елдің ұтылып, ыдырауынан, бүлінуінен бізге ешқандай пайда жоқ. Егер Қырғызстанда Ауғанстандағыдай ахуал қалыптасса, оның зарар-зардабы бізді де шарпитыны белгілі. Ендеше, қырғыз еліндегі сайлаудың бейбіт жолмен, төңкеріссіз, айқай-шусыз өткенін тілейік. Жасыратыны жоқ, қазақ элитасы қырғыз ағайындарға жоғарыдан қарап, қайсыбір жылдардағы елдегі саяси ахуалды «ақымақтау, дарақылау бауырларымыздың тірлігі» деп айыптауымыз, даттауымыз қырғыздың қазаққа деген көзқарасын жақсартқан жоқ. Сол себепті қазақ элитасы өзінің менмендігінен арылып, бауырлас халыққа деген стратегиялық көзқарастарды өн бойына дарытуы тиіс, - дейді Абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік және халықаралық «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлықтарының лауреаты Мекемтас Мырзахметұлы.

– Екі елдің бір-біріне деген пейілі ақ. Өкінішке қарай, Алмазбек Атамбаев өзінің президенттік дәрежесіне жараспайтын, ағат мәлімдеме жасады. Президенттік институттың халықаралық қатынастар саласындағы басты функциясы негізінен ынтымақтастық, серіктестікті нығайту, екі ел арасындағы достыққа дәнекер болу секілді жайттардан тұрады. Әсіресе, өз қызметінен кеткенде басшы өзінен кейінгі ел басқаратын тұлғалар үшін жақсы жағдай жасап кетуі керек, екі көршілес мемлекеттің достық бағытынан ажырамауына септесуі керек. Ал, Атамбаевтың әрекеті бұған қарама-қайшы болып отыр. Дегенмен, бұл мәлімдеменің шындыққа сәйкес келмейтінін екі елдің халқы да біліп отыр. Халықаралық қауымдастық та Қазақстанның жеткен жетістіктерін мойындайды. Биыл 1 желтоқсаннан бастап Қырғызстанды басқа адам басқарады. Және де қазақ-қырғыз қарым-қатынасы ретке келеді деп ойлаймын, -деді ОҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов.

– Сайлауда өз кандидатының жеңіліп қалуы мүмкін екенін сезген Атамбаев ең көргенсіз әрекеттерге бара бастады. Көрші мемлекеттің ішкі ісіне араласып, тұтас ел мен оның басшысына негізсіз айып тағып, қара күйе жағу әрекеті дипломатияда жол беруге болмайтын көргенсіздік. Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайы жылдан жылға жақсарып келе жатқанын бүкіл дүниежүзі көріп, біліп отыр. Сондықтан Атамбаевтың зейнетақы мен тарифтерге қатысты айтқандары шындыққа сәйкес келмейді. Дегенмен, бұл мәлімдемеге қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми түрде лайықты жауап берді. Олай болса, бір саясаткердің жаңсақ пікірі үшін бүкіл қырғыз халқын айыптауға болмайды. Екі ел арасындағы достық пен экономикалық ынтымақтастықты сақтап қалуға тиіспіз, -дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Әбілқасым Досболов.


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...