Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Бензин мен көмір мәселесін Елбасы өз бақылауына алды

17 октября 2017, 14:50

Үкімет отырысында халықты бензин және көмірмен қамтамасыз ету мәселесі тағы да қаралды.

Ішкі нарықты мұнай өнімдері мен көмірмен қамтамасыз ету мәселесін президент Нұрсұлтан Назарбаев жеке бақылауына алды, деп мәлім үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, деп жазады sputniknews.kz.

"Ішкі нарықты мұнай өнімдері мен және көмірмен қамтамасыз ету мәселесі Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Кеше президент Қанат Алдабергенұлын (Бозымбаев, энергетика министрі – ред.) Ақордада қабылдаған кезде жауапкершілік туралы ескертіп, бізге тапшылыққа жол бермеу бойынша тиісті жұмыстарды істеуге тапсырма берді", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Осыған байланысты үкімет басшысы Бозымбаевқа көмір және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша жұмысты әкімдіктермен бірлесе жүргізе беруді тапсырды. Ал бұл жұмыстың орындалуын премьердің бірінші орынбасары Асқар Мамин қадағалайды.

"Монополияға қарсы органдар баға белгілеуге қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізуді жалғастыруы керек.Ендігі аптада осы мәселеге қайта ораламыз, — деді Сағынтаев.

Президент кеше энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдаған болатын. Кездесуде мемлекет басшысы елдегі жанармай мен отын тапшылығы үкімет пен энергетика министрлігі тарапынан жіберілген қателік пен олардың бұл мәселедегі жауапсыздығынан туындағанын атап өтті.

Фото: sputniknews.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...