Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Тұрғындар үйді күтіп-ұстауға қандай шығыстарды жұмсауы қажет?

Пәтерлердің меншік иелері ең алдымен сервистік қызмет субъектісін таңдауға немесе бас тартуға белсенді түрде қатысуы қажет.

Фото : 19 октября 2017, 16:11
Пәтерлер иелері үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды өтеу қажет екендігі ешкімге құпия емес. Бұл шығыстарға не жатады?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысты шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналары арқылы ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы.

Осылайша, пәтерлер иелері ортақ мүлікті күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды осы мүліктің ортақ иелену құқығындағы үлестеріне барабар түрде ауыртпалығын көтеруге міндетті.

Міндетті ай сайынғы жарна пәтер иелерінің ортақ жиналысында белгіленеді. Айта кетер жай, меншік иелерінің келісімінсіз сома қабылдануы мүмкін емес және оны басқару органы өз бетінше ұлғайта алмайды. Осы ретте, келісім хаттамамен ресімделуі керек. Бұған қоса, пәтерлер иелері тұрғын үй-жайдың (тұрғын емес) пайдалы алаңының 1 шаршы метр есебімен, 0,02 АЕК кем емес көлемде үйдің күрделі жұмысының сомасын өздері белгілейді.

Әдетте, үйді күтіп-ұстауды сервистік компания басқару органымен жасалған шарт негізінде жүзеге асыруы керек. Осы ретте басқару органы орындалған жұмыстардың актісі негізінде нақты орындалған жұмыс ауқымына ақы төлейді.

Сондықтан, пәтерлердің меншік иелері ең алдымен сервистік қызмет субъектісін таңдауға немесе бас тартуға белсенді түрде қатысуы қажет.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии