Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ресурстарды үнемдеу – жүргізілген іс-шараларға байланысты

Энергияны үнемдеу - бұл соңғы тұтынушыға энергияны жеткізу кезінде де, энергия ресурстарын пайдаланған кезде де, энергия шығының барынша азайту.

Фото : 23 октября 2017, 16:50
Бүгінгі күні ресурстарды үнемдей отырып жұмсау, барынша өзекті болып отыр. ТКШ жұмсалатын шығыстардың төлемін қысқарту үшін ортақ мүлікке (көппәтерлі тұрғын үй) және жеке (пәтер) пайдалануға болатын іс-шараларды қарастырайық.

Ең алдымен энергияны үнемдеу деген не? Энергияны үнемдеу - бұл соңғы тұтынушыға энергияны жеткізу кезінде де, энергия ресурстарын пайдаланған кезде де, энергия шығының барынша азайту. Адамдар үшін - бұл коммуналдық қызметтердің құнын едәуір төмендету, ел үшін – ресурстарды үнемдеу.

КТҮ энергия тиімділігін арттыруда барынша тиімділікке қол жеткізу үшін мына іс-шаралар қажет: ғимараттың инженерлік жүйелерін жаңғырту және реконструкциялау (7-15% дейін үнемдеу), ғимараттарды жылу оқшаулау (қабырғалары, төбесі, жертөле және т.б. 30% дейін), екіжақты тамбурды қондыру (5% дейін үнемдеу), кіреберістердің және жертөлелердің алдыңғы есіктерінде автоматтық жеткізгішті монтаждау (5% дейін үнемдеу), кіреберістердегі ескі терезе жақтауларын энергия үнемдейтін шыныпакеттерге ауыстыру ( үнемдеу 10-20% дейін), автоматтандырылған жылу пунктін орнату (15- 20% дейін үнемдеу), жылыту және желдету жүйесін реттеу (15- 20% дейін үнемдеу).

Пәтердегі меншік иелеріне арналып жасалатын іс-шаралар ресурстарды үнемдеуде көптеген нәрсе жасай алады, мысалы: ескі терезе жақтауларын энергияны үнемдеу шыныпакеттеріне ауыстыру, ресурстарды және энергияны есептеуге арналған жеке аспаптарды орнату, су ағып тұруы мүмкін ванналардағы крандардың, жууға арналған бассейндер мен раковиналарды, дәретхана бактары мен құбырлар буындарының жұмыс жағдайын қолдау мүмкіндігін береді, энергияны үнемдейтін тұрмыстық техниканы сатып алу, кәдімгі қыздыру шамдарын электр қуатын үнемдейтін құрылғылармен ауыстыру, металл құбырларды пластиктен ауыстыру ұсынылады.






Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии