Ақтау қаласының 2 тұрғынынан 10 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Zakon.kz
Полиция қызметкерлері Ақтау қаласының 2 тұрғынынан 10 келіден астам марихуана тәркіледі. Олар есірткіні ары қарай жергілікті тұрғындарға сатқысы келген.

Қызметкерлердің айтуынша, Маңғыстау облысының ІІД есірткімен күрес бөлімі ағымдағы жылдың қаңтар айында А есімді тұрғынды қолға түсірген. Тексеріс барысында оның сөмкесінен 4 келіден астам марихуана табылды, деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облысының ІІД сілтеме жасап.

Ал 1 ақпан күні жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері 9 ықшам ауданында Toyota RAV 4 көлігін тоқтатады. Полицейлердің айтуынша көлік жүргізушісі тексеріс барысында қатты қобалжыған.Осы уақытта қызметкерлер көліктің ішін иіс сезгіш итпен тінтіп шыққан. Нәтижесінде 6 келі 119 грамм марихуана табылған. Анық болғандай, ұсталған азамат есірткі заттарын сатып, пайда тапқысы келген, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінде.

Ұсталған жүргізуші қазір Ақтау қаласының уақытша қамау орталығына жеткізілді. Бүгінгі таңда күдіктінің үстінен ҚР ҚК 294 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фотосурет: tvc.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Mercedes красиво поздравил Испанию с победой на чемпионате мира

Август 2026 года принесет засуху в семь регионов Казахстана

Зеленский заявил о готовности подписать мирное соглашение с Россией

МВД обратилось к водителям после слухов о новых правилах медосмотра

Не стучите по арбузу: продавцы и агрономы рассказали, как выбрать самую сладкую ягоду