Павлодарда 10-сынып оқушысы жасөспірім қызды пышақпен жарақаттаған

Zakon.kz
Жасөспірімді үш жылдан жеті жылға дейін жазалау қарастырылған.
Павлодарда №25 мектептің 10-сынып оқушысы № 10 мектепте оқитын өзімен жасты қызды пышақпен жарақаттаған, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабы «Адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осыған сәйкес жасөспірімді үш жылдан жеті жылға дейін жазалау қарастырылған. Оқиғаның мән-жайы туралы облыстық ІІД ешбір ақпарат бермеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат бөлімінің меңгерушісі Серік Нұрлановтың айтуынша, зардап шеккен азаматша 4-ақпан күні кешкісін жеткізілген. 15 жастағы қыздың мойыны мен екі қолы жарақаттанған. «Ауруханаға түскен кезде денсаулығы тексеріліп, ота жасалды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсарып қалды», - деді С. Нұрланов.

Бүгінде қызды жәбірлеген оқушы мектепке бармайды, үйде қамауда отыр.
«Мектеп психологі ретінде үйіне бардым. Оның жағдайы жеңіл емес. Кеңес беріп, көмектесуге тырыстым», - деді № 25 мектептің психологі Жанагүл Төлеубаева.

Фото:www.glavny.tv

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью