Шымкентте жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Zakon.kz
Шымкентте жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оқиға Әл Фараби полиция бөлімінің алдында болған.

Әл Фараби полиция бөлімінің алдында тойота көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншінің аяғын басып кетеді. Келеңсіз жағдай жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Куәлердің айтуынша, оқиғадан соң жүргізуші сол жерден кетіп қалмақ болыпты, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Ал Тойота жүргізушісі жарақат алған апаны көлігіме салып, ауруханаға апармақ болдым деп ақталады. Қалай болғанда да жүргізушіні жарақат алған апамен бірге өтіп бара жатқан екі кісі тоқтатып қойды.

Ал зейнеткер ауырсынғанына қарамастан оқиға орнында қалып, шақырылған жедел жәрдем көлігінің келуін күтті. Жол-көлік оқиғасы дәл алдарында болғандықтан, сол маңға полиция қызметкерлері де келді. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Фото:otyrar.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо