Қарағанды облысында танысын пышақтап өлтірген тұрғын ұсталды

Zakon.kz
Ұсталған күдікті азамат, алкогольдік ішімдік ішу кезіндегі келіспеушілік салдарынан 40 жастағы танысын пышақтап тастаған.

Облыстың және Теміртау қаласының криминалдық полициясымен жедел іздестіру және тергеу іс-шараларының барысында кісі өлтірді деген күдікпен, қаланың 57 жастағы жұмыссыз тұрғыны анықталып, құрықталды, деп хабарлайды zakon.kz, Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Ұсталған күдікті азамат, алкогольдік ішімдік ішу кезіндегі келіспеушілік салдарынан 40 жастағы танысына дене жарақаттарын салып, қылмыстың «ізін суыту» мақсатында мүрдесін бөлшектеп, жасырып кеткенін мойындады.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 99 бабы 1 тармағы және 314 баптың 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Фото: mosaica.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану