Геннадий Головкиннің екінші баласы дүниеге келді

Zakon.kz
Бұл туралы Instagram желісінде оның жанкүйері, экс-депутат Мұхтар Тінікеев сүйіншіледі. Боксшының әйелі қыз баланы дүниеге әкелді.
Қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкиннің екінші баласы дүниеге келді, khabar.kz деп хабарлайды.

Бұл туралы Instagram желісінде оның жанкүйері, экс-депутат Мұхтар Тінікеев сүйіншіледі. Боксшының әйелі қыз баланы дүниеге әкелді.

Головкин мұның алдында L'Equipe француз газетіне берген сұхбатында екінші баласы дүниеге келетінін хабарлаған еді.

«АҚШ-та өзіммен бірге бауырым Максим жүр. Себебі ол – команданың бір бөлшегі, бапкер. Қасымда әйелім мен балам да бар, ұлым америкалық мектепте оқып, әрдайым қуантып жүр. Әйелім жүкті. Екінші баланы күтіп жүрміз. Ол осында, АҚШ-та босанады», – деген еді GGG 2 қыркүйекте.

Айта кетейік, биыл 7 шілдеде 35 жастағы Головкин үйленгеніне 10 жыл толғанын тойлады. Бұл бірдей сандарға келетін күні аталып өтті – 7.07.2007. Оның әйелі Алина да Қарағандының тумасы, өзі жайлы ғаламторда жария ете бермейді. Жұп тойға дейін жеті жыл кездесіп жүріпті. Алина Головкинаның екі жоғары білімі бар, алайда отбасы үшін мансабынан бас тартқан. 2009 жылы олардың Вадим есімді баласы дүниеге келген, оның есімі боксшының қайтыс болған ағасының құрметіне қойылған. Бала хоккеймен айналысады.

Сурет: Vesti.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Дастан Сатпаев одержал первую и разгромную победу в составе "Бернли"

Главный тренер "Бернли" огласил решение по Сатпаеву после первой победы в сезоне

Мужчина заработал 58 млн тенге за лето, просто вытаскивая рыбу из реки

Мощные удары изуродовали часть полного людей самолета на высоте 5200 метров

Криштиану Роналду отстранен от игр сборной Португалии по футболу