ОҚО-да ойық жолдар ретке келтірілуде
Zakon.kz
Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Оңтүстік жолдары» МКК-ның мамандары атқарып жатқан жұмыстарға өткен жылдың аяғында облыс әкімі табыстаған 26 бірлік арнайы техника толықтай жұмылдырылған.
Қыс мезгілінің ұзақ та ызғарлы өтуіне байланысты, өңірімізде қатты бұзылған жолдардағы шұңқырларды асфальто-бетонмен жедел жамау жұмыстары басталды. Назар аударатын жағдай, аталған шаруаларды атқаруға бұған дейін ауа-райының қолайсыздығы себеп болып, мүмкіндік болмаған еді. Енді міне, көктем мезгілі келіп, күн жылынған алғашқы күндерден бастап, жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Облыс орталығы Шымкенттен басталатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – Сайрам, Төлеби, Бәйдібек, Ордабасы аудандарында іске асырылуда.
Қазіргі уақытта, Сайрам ауданындағы КХ-97 «Жібек Жолы-Ақсукент-Шымкент» автожолының 7-18 шақырым аралығын, Бәйдібек аудандарындағы облыстық маңызы бар атомобиль жолдарындағы шұңқырларды асфальто-бетон қоспасымен жөндеу жұмыстары жүріп жатса, осы шаруалармен бір мезетте КХ-97 «Жібек Жолы-Ақсукент-Шымкент» 7 – 18 шқ., КХ-37 «Шымкент-Қызыләскер-Түйетас» 0 – 24 шқ., КХ-2 «Уланбель-Созак-Екпенды» 625 – 675 шқ. аралығында жол жиектерін автогрейдермен тегістеу шаруалары атқарылуда. Сондай-ақ, көктемгі су тасқынынан болатын селдің алдын алу мақсатында Сайрам, Отырар, Ордабасы, Төлеби және Шардара аудандарында төтенше жағдайлардың қауіпін қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Оңтүстік жолдары» МКК-ның мамандары атқарып жатқан жұмыстарға өткен жылдың аяғында облыс әкімі табыстаған 26 бірлік арнайы техника толықтай жұмылдырылған.
Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript