Б.Байбек: Елбасы мақаласында қарастырылған ауқымды жобалар Алматы қаласында сәтті іске асуда
Zakon.kz
Барлық жобалар бойынша Алматыда нақты іс-шаралар атқарылуда.
Ақордада Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтың төрағалық етуімен «Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру» жөнінде отырыс өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы маңызды аспектілеріне арналды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шара барысында сөз алған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласында Елбасы мақаласында қарастырылған ауқымды жобаларды іске асыру бойынша Президент Әкімшілігінің бөлімдерімен бірлесе жұмыс жүргізіліп жатқындығын алға тартты.
Сонымен қатар, арнайы қалалық комиссия құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілгенің айтты. Ал комиссия құрамына мемлекеттік қызметкерлер, Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ректорлар, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сарапшылар, жалпы саны 61 адам кіретінің жеткізді.
«14 сәуірде Елбасы мақаласын талқылауға арналған қалалық актив отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша 6 жобаны іске асыруға жауапты адамдар бекітілді. Олардың қатарында елге танымал ғалым, тарихшы Ханкелді Әбжанов пен белгілі лингвист Ерден Қажыбек сияқты азаматтар бар», - деді Бауыржан Байбек.
Бүгінгі күні, барлық жобалар бойынша Алматыда нақты іс-шаралар атқарылуда.
Мәселен, «Қазақстанның қасиетті жерлері» жобасы шеңберінде Алматының киелі нысандары белгіленіп, орталыққа ұсыныс ретінде жолданды.
Олардың қатарына Райымбек бабамыздың кесенесі, «Боралдай сақ қорғандары», «Алмарасан» орта ғасырлық қалашық орны, «Тәуелсіздік» және «Тәуелсіздік таңы» монументтері, халқымыздың көрнекті тұлғалары жай тапқан «Кеңсай» және «Орталық» зираттары енді.
Бауыржан Байбек оған қоса, қаланың кәсіпкерлері әлеуметтік нысандарды тұрғызу, қаланы көріктендіру, қайырымдылық көмек көрсету және әлеуметтік іс-шараларды өткізуге қашанда белсенді қатысатының айтты.
«Былтырғы жылдың өзінде мектеп, емхана, балабақша, 100-ден астам спорттық алаңқайлар ашылған болатын. Бүгінгі күні кәсіпкерлер тарапынан жалпы соммасы 10 млрд.теңгеден астам 20 ірі әлеуметтік жоба іске асырылуда.Мәселен, Наурызбай ауданында 1200 орындық мектеп және 500 адамға арналған емхана, Алатау ауданында 120 орынға шақталған балабақша, жеңіл атлетикалық стадион тұрғызылатын болса, теңгеге Қарғалы өзенінің жағалауын көркейту жұмыстары жүргізілуде», деді қала басшысы.
Фото: BNews.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript