Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Мәсімов АӨК субсидиялауда ауыл шаруашылығы дақылдарын қолдауға көңіл бөлуді тапсырды

Сонымен қатар Премьер-Министр елімізде өсірілетін астықтың басым үлесі осы Солтүстік Қазақстан өңіріне тиесілі екенін айтты.

Фото : 11 июля 2016, 14:58
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес дәнді дақылдарды өсірумен айналысатын «Бабық-Бұрлық» ЖШС егіс алқабында өтті, хабарлайды Zakon.kz.

Кәрім Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрлігімен агроөнеркәсіптік кешенді, оның ішінде өсімдік шаруашылығын қарқынды дамыту бойынша тетіктер әзірленгенін атап өтті. Сонымен қатар Премьер-Министр елімізде өсірілетін астықтың басым үлесі осы Солтүстік Қазақстан өңіріне тиесілі екенін айтты. 2015 жылы аймақ аграршылары елдегі барлық астықтың 20% бастырған.

Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұрдан Әлтаев және басқа да жауапты тұлғалар АӨК секторында атқарылған жұмыстардың нәтижелері және саладағы ағымдағы жағдай бойынша есеп берді.

Кездесуге келген аграршыларды еттің экспорттық әлеуетін дамыту мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау мәселелері көп қызықтырды. Кәрім Мәсімов бұл мәселеде бизнес пен қоғамдастықтың пікірлері ескерілетініне сендірді.

Премьер-Министр қазіргі кезде субсидиялау жүйесін реформалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл мәселедегі негізгі мақсат – тиімді субсидиялар нормативтерін арттыру және тиімсіз нормативтерді төмендету немесе алып тастау. Мұндайда негізгі көңілді басым салалар мен ауыл шаруашылығы дақылдарын қолдауға бөлу қажет.

Бүгінде аграрлық сектор экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан мемлекет тарапынан АӨК-ді қолдау жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, АӨК-ді мемлекеттік қолдау 2011 ж. 68,1 млрд. теңгеден 2016 ж. 176 млрд. теңгеге дейін, яғни 2,6 есеге артты.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии