Горячие новости
Читайте также

Баланың басынан күрекпен ұрған шымкенттік тұрғынды полиция іздестіруде

Бейнежазбада ер азамат 4-5 жас шамасындағы баланы бір-бірінің үстіне қаланып орнатылған көлік дөңгелектерінің ішіне тұрғызып қойып, басынан күрекпен ұрып жатқаны түсірілген.

Фото : 25 мая 2017, 15:27
Шымкентте баланың басынан күрекпен ұрған қатыгез тұрғын іздестіріліп жатыр, деп жазады Қазақпарат.

Бейнежазба WhatsApp әлеуметтік желісіне тарап кетті. Жергілікті телеарналардың бірі оқиға Шымкент қаласына қарасты 11-ші мөлтекауданында түсірілген деген болжам жасауда.

Бұл туралы видеоны арнаға жолдаған оқиғаның куәсі жазып жіберген. Бейнежазбада ер азамат 4-5 жас шамасындағы баланы бір-бірінің үстіне қаланып орнатылған көлік дөңгелектерінің ішіне тұрғызып қойып, басынан күрекпен ұрып жатқаны түсірілген. Ал шарасыз бала қорғанып, басын қолымен жабуға тырысады. Ал оқиғаның куәсі болып тұрған әйел балаға көмектесуге құлықсыздық танытқан. Қалай болғанда да балдырғанды күрекпен сабаған тұрғынды енді полицейлер іздестіріп жатыр.

«Бейнетүсірілімді полиция қызметкерлері қарап шықты. Қазір тәртіп сақшылары баланы ұрып жатқан азаматты іздестіруде. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шара қолданылады. Ол жайында қосымша хабарлайтын боламыз», - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Фото: inform.kz

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии