Лента новостей
0

Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.06.2017 19:18 Фото: zakon.kz

Г.О.Тастанбаева

Қарағанды облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

 

 Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты

 

Гендер - ер мен әйел теңдігі. Теңдік пе, кемдік пе? XX ғасырдың басында Шпенглер гендерлік саясатқа «Еуропаның құлдырауы» деген анықтама беріпті. Бұл мәселе қазақ қоғамында да қызу талқыланып келеді. Бірі «Әйел саясаты әлемді арбайды» десе, екіншісі «әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген пікірде. Сонымен, қолдайтындар не біледі? Сынаушылар неден үрке қарайды?

Ежелден елін ермен тең қорғаған Томирис, Зариналарды, Әлия, Мәншүктердің күрескерлігін тарихта қалған. Дегенмен, ұлттық болмысымызда әйелдің орны еркектен бір саты төмен тұратыны жасырын емес. Халқымыз «Қызды қырық үйден тыйған». «Байтал шауып бәйге алмас», «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа», «Әйел бастаған көш қараң қалады» деген мақалдар осыған дәлел. Бұл қазақ қызын тұмшалап ұстаған деген сөз емес. Тек оның басты орны отбасы, ошақ қасында болған. Адал жар, аяулы ана атанған соң, бала тәрбиесімен айналысқан. Сондықтан, әйелде мейірім болмаған жағдайда өмірдегі тепе-теңдік бұзылады. Әйел - үйдегі, еркек - түздегі шаруаны реттеп, өз ұрпағының қамын ойлап, тәлім-тәрбие беріп отырса, бұл дүниенің қызығынан құр қалмас дейді көпшілік.

Екінші жағынан алғанда, әйел адамдар кез келген істі дөңгелетіп әкетеді, жауапкершіліктері жоғары. Егер оның ақылы, қайраты жетіп, қызмет етуге құлшынып тұрса, бөгеудің қажеті жоқ шығар. Дамыған мемлекеттермен бәсекелестікте қабілетті болуымыз үшін критерийдің бірі - әйел теңдігі.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бергі Гендерлік теңдік - басты ұстанымдардың біріне айналды. 2006-2016 жылдарға арналған стратегия қабылданды. Жалпы, саясатты жүзеге асыру барысында әйелге күш көрсету жағдайлары, ана мен баланы қорғау сияқты көптеген қадамдар жасалды. Осы тұрғыдан алғанда, гендер өмірімізге аса қажет.

Қазір Қазақстан гендерлік тен құқықтық бойынша жаһандану рейтингінде 135 елдің арасында 31 орында екен. Салыстырмалы түрде, жақсы көрсеткіш. Дегенмен, билік басындағы әйелдеріміздің саны шамалы екені белгілі. Мәселен, парламентте бар болғаны 9,5% нәзік жандылар қызмет етеді.

Гендерлік саясатта әйел еркектің орнын басады деген сөз емес, өз құқықтарын қорғап, білім алып, қызмет етуге өз үлесін қосады деген сөз. Гендер-тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын, ал кемсітушілік болған жағдайда оның да мүддесін сақтауға ат салысатын қоғамдық үдеріс.

Екі жыныс өкілдерінің қоғамда өзіндік міндеттері бар. Мәселен, еркек қанша тырысса да әйелдер секілді дүниеге бала әкеле алмайды. Өйткені, тоғыз ай қабырғасы қайысып құрсақ көтерудегі сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен арпалысқан қайсарлылық тек әйелдердің ғана қолынан келетін ерлік. Бала тәрбиесінде де әйелдегі мейірімділік пен ептілікті ер адам көрсете алмайды. Еркектер әйелдерге қарағанда дене бітімі жағынан ірілеу әрі күштілеу келеді. Жауға қарсы шауып, елді қорғау секілді ауыр жұмыстарды ер кісіге жүктеледі. Әлемдегі екі жүз мемлекет болса, солардың ішіндегі Германия, Үндістан және Қырғызстан елін әйел қалғандарын ер кісілер басқарады. Осының өзі табиғи көрсеткіш. Гендерлік саясат пен әйел теңдігін желеулеткен батыста бүгінде бала саны мүлдем аз. Тіпті, Парламент деңгейінде талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастырылуда.

Жүректі ақылдан немесе ақыл жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. Сондықтан, әйел еркектен жоғары немесе төмендеу, жалпы алғанда дұрыс айтылған сөз емес. Осындай да, Тұрмағанбет ақынның айтқаны еріксіз ойға оралады:

«Әйел көктен түскен жоқ,

Ол - еркектің баласы.

Еркек жерден шыққан жоқ,

Әйел оның анасы», - демекші, қамшы ұстар ұлдар мен кесте тігер қыздар бір-біріне қарсы шықпай, таразы басын тең ұстаса болғаны. Қыздар ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу сияқты ұлттық ерекшеліктерін, табиғи нәзіктіктерін, ибалылықтарын сақтай отырып, адам іс- әрекеттерінің барлық түрлеріне араласып жетістікке жетсе, нұр үстіне нұр болар еді. Сондықтан әрбір қазақ қызына осы құндылықтарды жастайынан үйретсе, болашақта одан өз шаңырағын ардақтайтын аяулы келін, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, елін, жерін, халқын сүйетін қайратты жан шығары сөзсіз.

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: