Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Павлодар облысында екі әйел адам ыстан уланып қалды

29 сентября 2017, 09:04

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам жұмылдырылды.

Павлодар облысында өткен тәулікте 55 жастағы екі әйел адам ыстан уланып қалды. Олардың бірі Успен ауданының тұрғыны болса, екіншісі – павлодарлық, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат жетіде Успен ауылының Пушкин көшесінде орналасқан екі пәтерлі қамыс тұрғын үйдің бір бөлігінде өрт шыққан.

- Үш бөлмелі пәтерде жылыту пеші жанып, үш шаршы метр аумақта ағаш құрылымдар өртенген. Құтқарушылар келгенге дейін оқиға орнынан бір адам аудандық орталық ауруханаға орташа деңгейде улану диагнозымен жеткізілді, - дейді департаментте.

Бұдан басқа, Павлодар қаласында Мир, 60/1 көшесіндегі тұрғын үйдің бірінші қабатынан бастап төртінші қабатына дейін металл қораптың ішіндегі электр сымдары жанып, 12 метр бойын шарпыған.

Сонымен қатар екінші подъезде электрқалқанында 0,6 шаршы метр аумақта матрас бықсып жанған. Бұл жерден де қалалық ауруханаға орташа улану диагнозымен бір адам жеткізілген. Өрт болған жерден 43 адам құтқарылған, олардың сегізі - балалар.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам жұмылдырылды.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...