Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Атырауда заңсыз уылдырық тасымалдаған ресейлік азамат ұсталды

27 октября 2017, 16:53

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ресей азаматына бекіре тұқымдас балығының уылдырығын заңсыз тасымалдағаны үшін айыппұл салынды,-деп хабарлайды atr.kz, Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

«Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 339-бабымен Ресей Федерациясының азаматы сотталушы М.В.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалған»,-делінген Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының хабарламасында.

Ресей Федерациясының азаматы 2017 жылдың 2 қазанында таксимен Астрахань қаласынан Атырауға келіп, «Көктем» базарындағы жүргізуші арқылы танымайтын адамнан жалпы салмағы 5,420 келі бекіре тұқымдас балықтың уылдырығын ешқандай құжатсыз 128 мың Ресей рубліне сатып алған. Сатып алғаннан кейін ол такси көлігімен Астрахан қаласына бет алған. Оны Котяевка ауылындағы «Құрманғазы» ШББ қызметкерлері ұстап, ешқандай құжаты жоқ бекіре тұқымдас балығының уылдырығы салынған 12 пластикалық ыдысты тәркіледі.

Сот үкімімен сотталушыға 500 АЕК мөлшерінде, яғни 1 134 500 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: atr.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...