Лента новостей
0

Электронды сот төрелігі еліміздің серпінді дамуына үлес қосуда

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.01.2018 00:11 Фото: zakon.kz

Электронды сот төрелігі еліміздің серпінді дамуына үлес қосуда

 

Осыдан 26 жыл бұрын Қазақ елі өзінің тұғырлы тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария етті. Тәуелсіздікті ту еткен жылдар ішінде Қазақстан 50-дамыған елдер қатарына да кіріп, талап етілген мерзімнен бұрын «Қазақстан-2030» Стратегиясын іске асырды, «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының іске асырылуын алға мақсат етіп қойды. Мемлекет басшысының мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындайтын «Қазақстан-2050» стратегиялық құжатында тәуелсіз, қуатты, дербес мәртебелі сот билігін орнықтырудың жаңа мақсаттары мен міндеттері айқындалған. Онда соттар мен судьяларды одан әрі мамандандыру, мамандандырылған соттардың жұмысын жандандыру, бұқара халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру, жаңадан тағайындалған судьялардың біліктілігін көтеру, соттардың материалдық-техникалық базасын жаңарту, соттардың ашықтығы мен обьективтілігін айқындайтын электронды ақпараттық-инновациялық жүйені енгізу және аталмыш бағытта сот қызметіне замануаи озық технологияларды енгізу сынды өзекті мәселелер қамтылған.

Ал бүгінгі таңда Қазақстанның алдында 30-дамыған елдер қатарына кіру - айқындалған жаңа міндет бар. Бұл белесті бағындыру жолында елімізде барлық мүмкіндіктер қарастырылған: шетелдік инвесторларды тартатын пайдалы қазбалар, Қазақстанның азаматтарының, жеке және заңды тұлғалардың, бизнес қауымдастығынының құқықтарын қорғайтын жетілдірілген заңнама да бар. Бүкіл әлемдік экономикалық форумның жаһандық қабілеттілік индексі бойынша базалық көрсеткіштерге ең әуелі соттардың тәуелсіздігі, халықтың сенімі және меншік құқығын қорғау институттары кіреді. Осы халықтың сот жүйесіне қатысты сенімін арттыруда елімізде бірқатар тың өзгерістер орын алды.

Сот органдарымен «Электронды сот төрелігін» іске асыру мен ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда азаматтар мен заңды тұлғалардың өз құқықтарын соттық қорғауды мейлінше ашық және қолжетімді іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-инновациялық технологиялар енгізілді.

Жаңа өзгерістер сот төрелігін іске асырудың барлық кезеңін қамтиды. Яғни, сотқа құжат тапсырудан, соттың шешімі мен атқару парағын қолына алған уақытқа дейін.

Қолданыстағы сервистердің негізгі құралы ретінде «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін атауға болады. «Сот кабинеті» электрондық жүйесі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, сот жүйесінің анықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жедел жұмыс істеуіне бағытталған. Сот кабинеті арқылы кез-келген тұлға уақытын үнемдей отырып, интернет желісі арқылы онлайн режимде сотқа электронды түрде талап арыздар, сондай-ақ, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, істің қаралу барысын бақылауына мүмкіндігі бар. Сот кабинеті арқылы кез-келген сервис қолданушысы барлық арыз түрлерін сотқа электронды түрде тапсыра алады. Сандық электронды қолтаңбасы бар ел азаматтары уақыттарын үнемдей отырып, кез-келген уақытта интернет желісі арқылы талап арыздарын, шағым мен наразылықтарын жолдай алады. Тұтынушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен, деректермен танысып, сот актісін басып шығара алады.

Мемлекет басшысының Ұлт жоспарының 20-қадамында: «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс», -деп көзделген. Астана соттарының барлығы 100%-ға дыбыс-бейне таспаға жазу құрылғыларымен жабдықталған. Бейнетаспаны монтаждау мен өзге әрекеттер жасауға жол берілмейді. Өйткені сот процесі басталған уақытта бейнежазу құрылғысы іске қосылып, сот процесінің басталған және аяқталған уақыты толық көрініп тұрады. Бұл сот процестерінің белгіленген уақытта кешіктірілмей басталуына ықпал етіп, сот істерінің созбалаңға салынуына тыйым болады.

Қазір «Сот кабинеті» арқылы сотқа қатысқан тарап сот отырысының қағаз бетіне түсірілетін хаттамаларын алмастырған сот отырысының жазбасын тыңдап, қарап және электронды нұсқасын көшіріп ала алады. Сот отырысының таспаға жазылуы ең бірінші кезекте сотқа қатысушы тараптарды тәртіпке шақырады және сот жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы саясаттың бір тәсілі ретінде қарастырылады.

Сервистердің тағы бір түрі ретінде сот отырыстарын бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтықтан өткізу мүмкіндігін қарастыруға болады. Сервис халықтың шығынын азайтып, сот отырыстарын кейінге қалдырмай, шұғыл түрде қарауға мүмкіндік туғызады.

«Жаза тағайындау талдау сервисі» өз кезегінде қылмыстық істерді қарайтын соттарда енгізіліп, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің нормалары жинақталған бірегей жүйе жаза тағайындау барысында судьяларға автоматты түрде қолданыстағы заңнамамен сәйкессіздікті көрсетіп тұрады.

«Сот құжаттарымен танысу» сервисі ашықтық пен жылдамдықты қамтитын электронды сот құжаттарымен танысуға арналған. Яғни, сотқа талап арыз өткізген азамат қолма-қол құжаттың тіркелгендігін растайтын түбіртекті алады. Соңынан ұялы телефоны арқылы логин мен құпия сөз көрсетілген электронды хабарлама алып, сол ақпараттарды енгізу жолымен шығарылған сот актісімен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ, сот істерін қарау кестесі, электронды шақыру қағазы секілді сервистер кез-келген тұлғаның мобильді түрде ақпараттармен танысуға қол ұшын береді.

«Талдау форумы» атты сервис сот шешімдері мен материалдары жинақталған бірегей классификатор түрінде халыққа көмек көрсетеді. Мұнда істер санатына бойынша сот актілері мен шолулар жинақталған. Кез-келген адам Форумда жасақталған материалдармен танысып, өзінің пікірін қалдыра алады.

Ұлттық сот өндірісін дамытудың маңызды бағыттары 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған. Сондықтан міндеттелген тапсырмалардың уақытылы орындалуы, судьялар мен сот мамандарының біліктілігін үдемелі көтерілуіне, жаңа технологияны игеру арқылы сот қызметкерлерінің одан әрі мамандануына ықпалын тигізеді.

Озық технологиялардың қолданылуы судьялар мен сот отырысының хатшыларының жүктемесінің жеңілдеуіне, сот отырысының хаттамасындағы ескертулерді азайтуға, сот ісін жүргізу рәсімін жеңілдетуге ықпалын тигізіп, халықтың сотқа қолжетімділігін арттырады және жаңа инновациялық бағытпен халыққа тиімділік көрсетеді.

Сот процедураларының ашықтығы мен айқындығы, сот ісін жүргізудің тиімділігі мен объективтілігі, бұқара халықтың сотқа қолжетімділігі электронды инновациялық жүйені одар әрі дамытумен арта түспек.

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылғандықтан, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдемек. Бұл заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған, сондай-ақ қағазбастылықтан арылып, құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

 

Б. Есенов, Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотының төрағасы

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: