Лента новостей
0

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты әкімшілік құқық

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.03.2018 17:40 Фото: zakon.kz

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты әкімшілік құқық

 

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.М. Шалгимбаев

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қазіргі таңда халыққа кеңінен түсіндіріліп, оны орындау бағытында ауданда елеулі жұмыстар жүргізілуде. Нақтылап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтау жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстары халық арасында ұдайы талқыланып, өткен уақытта жіберілген кемшіліктерді саралап, жұмысты жүйелендіруге ықпалын тигізеді. Осынау өзекті мәселе жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды қарайтын жиналыстар өткізіліп, оның жолын кесу және болдырмау мақсатында жыл сайын жоспарлар жасалынады.

Мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға мемлекеттік билік органдарында лауазымдар атқаруына тыйым салынған. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос қызмет орнына орналасуға арналған конкурстар ашық өткізілуде.

 Елімізде мемлекеттік органдарда лауазымды адамдардың жоғары жауапкершілігі мен дер кезінде ден қою қағидаттарына негізделген азаматтардың арыздарын, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың бірыңғай жүйесі құрылған. Осы «EUOL» бағдарламасы бойынша барлық мемлекеттік органдар есеп беріп отырады. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының орындалуының бірыңғай механизмін қалыптастыру мақсатында Заңның орындалу бағдарламасы әзірленген. Қазақстан Республикасы Президентінің 14 сәуір 2005 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдаған іс-шаралардың жариялығы қамтамасыз етілсін делінген. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының талаптарын іс жүзіне асыру мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін нығайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеулері тиіс. Мұндай фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілер оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға тиісті.

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және оған жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңында айқын көрсетілгеніндігіне тоқталып өтсек, осы Заңның 12-бабы бойынша мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттілік берілген адамдардың немесе соған теңестірілген адамдар сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаса, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттің белгілері болмаған жағдайда қызметінен төмендетіліп, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда - заңда белгіленген тәртіппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылады.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адам немесе оған теңестірілген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртіптік жаза теріс қылық анықталғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей белгіленеді және жазаны теріс қылық жасаған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері жөнінде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органның ұсынуы бойынша тәртіптік ретпен қызметінен босатуға немесе тиісті міндеттерді атқарудан өзгедей түрде босатуға дейін жазаланады.

 

 

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: