ЭШФ жазып беру бойынша міндеттеме
ЭШФ жазып беру бойынша міндеттеме
Құрметті салық төлеуші!
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау кезінде шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге мыналар міндетті екендігін сіздің назарыңызға жеткізеді:
1) осы Кодекстің 367-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер (тауарларды Алып қою тізбесінен өткізген жағдайда);
3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;
4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;
5) импортталған тауарларды сатқан жағдайда салық төлеушілер.
Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктер шекарасында жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісінің болмауы жағдайлары ерекшелік болып табылады, Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының мәліметтеріне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері бар.
ЭШФ жазып беру электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.
Толық ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады:
· Петропавл қаласында тіркелген салық төлеушілер үшін - Петропавл қ., Мир к-сі, 85 үй, 38 каб. байланыс телефондары.: 46-66-84;46-45-65; 46-60-50; 50-00-64.
· облыс аудандарында тіркелген салық төлеушілер үшін - аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында.
Обязательство по выписке ЭСФ
Уважаемый налогоплательщик!
Департамент государственных доходов по Северо-Казахстанской области доводит до Вашего сведения, что согласно пункту 1 статьи 412 Налогового Кодекса Республики Казахстан с 1 января 2019 года при совершении оборота по реализации товаров, работ, услуг выписывать счет-фактуру в электронной форме обязаны:
1) плательщики налога на добавленную стоимость, предусмотренные подпунктом 1) пункта 1 статьи 367 настоящего Кодекса;
2) налогоплательщики в случаях, предусмотренных нормативными правовыми актами Республики Казахстан, принятыми в целях реализации международных договоров, ратифицированных Республикой Казахстан (в случае реализации товаров из Перечня изъятия);
3) комиссионер, не являющийся плательщиком налога на добавленную стоимость, в случаях, установленных статьей 416 настоящего Кодекса;
4) экспедитор, не являющийся плательщиком налога на добавленную стоимость, в случаях, установленных статьей 415 настоящего Кодекса;
5) налогоплательщики в случае реализации импортированных товаров.
Исключение составляют случаи, отсутствия по месту нахождения налогоплательщика в границах административно-территориальных единиц сети телекоммуникаций общего пользования. Согласно сведений Северной региональной дирекции телекоммуникаций Казахтелеком на территории Северо-Казахстанской области во всех административно-территориальных единицах присутствуют сети телекоммуникаций общего пользования.
Выписка ЭСФ производится в Информационной системе электронных счетов-фактур.
Более подробную информацию можно получить по адресам:
· для налогоплательщиков, зарегистрированных в г. Петропавловск - г.Петропавловск, ул. Мира, д. 85, каб.38, тел.: 46-66-84;46-45-65; 46-60-50; 50-00-64.
· для налогоплательщиков зарегистрированных в районах области - в территориальных управлениях государственных доходов.